Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 29.04.2015 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-4-170 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерін тұтыну төлеміне;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін төлеуге;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге ұсынылады.
Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге алынатын шығыстары, жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті органға құжаттардың түпқұжаттары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
Жыл ағымында қайта өтініш бергенде, егер бұрыңғы ұсынылған құжаттарда өзгерістер болмаса, құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түскен жағдайларын қоспағанда, мәліметтер көшірмелерді ұсынусыз осы құжаттар түпнұсқаларының негізінде нақтыланады.
Уәкілетті органның қызметкерлерімен расталған құжаттардың көшірмесі іске қалыптастырады.";
6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және аз қамтылған отбасы (азамат) өтініш жасаған бүкіл ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.";
12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысы, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны шығындарының төлем сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шектi жол берiлетiн деңгейi шегінде айқындалады.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның
төрайымы, қалалық
мәслихатының хатшысы Г. Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
___________________ Л.Бочаренко
"Лисаков қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
________________ В. Денисенко