"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының кезектен тыс
сессиясының төрағасы С. Лысенко
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы А. Кенжеғарин
КЕЛІСІЛДІ:
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
ММ бастығы
__________________ Е. Павлюк
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлімі" ММ бастығының
міндетін атқарушы
__________________ Е. Самидосов