Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың нақты орындалған жұмыстарға еңбек ақы төлеу аудандық бюджет қаражатынан жүргізілсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. У. Хайруллинге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аманкелді ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Ж. Таукенов
2012 жылғы 05 наурыздағы
№ 63 қаулысымен бекітілген
2012 жылға ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық
жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері
№ |
Ұйымдардың |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Еңбегіне |
1 |
Аманкелді |
1. Қызметкердің |
11760
1600
|
Қоғамдық |
Ең төменгі |
2. Қызметкердің |
704 472 |
||||
3. Қызметкердің |
672
|
||||
4. Қызметкердің |
372 |
||||
5 Қызметкердің |
944
|
||||
6. Қызметкердің |
1024
|
||||
7. Қызметкердің |
944
|
||||
8. Қызметкердің |
852 752
|
||||
9. Қызметкердің |
672
|
||||
10. Қызметкердің |
812 340
|
||||
11. Қызметкердің |
876
|