РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 04.04.2013 № 07-07/375 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасы негiзiнде, Денисов ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Денисов ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
1) дәндi дақылдарды (жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 2012 жылдың 15 мамырынан бастап 5 маусымына дейiн;
2) майлы дақылдарды (рапс, күнбағыс, зығыр, арыш, сафлор, қыша) 2012 жылдың 18 мамырынан бастап 30 мамырына дейiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкiмiнiң орынбасары Т. Б. Рамазановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкiмi В. Ионенко
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" ММ бастығы
______________________ А. Бәбенов