2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 388 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда № 9-10-188 тіркелді. Күші жойылды - қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 07-11/1451 хатымен

      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012.12.26 № 07-11/1451 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 10 маусымға дейін - субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері белгіленсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 20 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            К. Испергенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Н. Кушербаев

2012 жылғы 7 маусымдағы 
№ 388 әкімдік қаулысына 
қосымша          

2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Оңтайлы себу мерзімдері

1

Жаздық бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

2

Бұршақтұқымдастар

15 мамырдан 5 маусым
аралығы

3

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамыр
аралығы

4

Жемшөптік, оның ішінде
бірінші, екінші және үшінші
өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер

20 сәуірден 1 тамыз
аралығы

5

Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс

15 мамырдан 31 мамыр
аралығы

6

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін егілген
көпжылдық шөптер

20 сәуірден 1 тамыз
аралығы

7

Күздік бидай және қара
бидай

15 тамыздан 1 қыркүйек
аралығы

8

Көкөніс-бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусым
аралығы

9

Картоп

10 мамырдан 31 мамыр
аралығы

Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 7 июня 2012 года № 388. Зарегистрировано Управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 20 июня 2012 года № 9-10-188. Утратило силу в связи прекращением срока действия - письмо акимата Житикаринского района Костанайской области от 26 декабря 2012 года № 07-11/1451

      Сноска. Утратило силу в связи прекращением срока действия - письмо акимата Житикаринского района Костанайской области от 26.12.2012 № 07-11/1451.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 12 Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221, на основании рекомендаций товарищества с ограниченной ответственностью "Костанайский научно-исследовательский институт сельского хозяйства" от 4 апреля 2012 года № 1-129 акимат Житикаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий - до 10 июня 2012 года.
      2. Определить оптимальные сроки сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2012 год согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Алиферец А.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 20 апреля 2012 года.

      Аким
      Житикаринского района                      К. Испергенов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел сельского
      хозяйства акимата
      Житикаринского района"
      ________________ Н. Кушербаев

Приложение        
к постановлению акимата 
от 7 июня 2012 года   
№ 388          

Оптимальные сроки сева
по видам субсидируемых приоритетных
сельскохозяйственных культур на 2012 год

Виды приоритетных
сельскохозяйственных культур

Оптимальные сроки сева

1

Яровая пшеница, ячмень, овес,
гречиха, просо

с 15 мая по 5 июня

2

Зернобобовые

с 15 мая по 5 июня

3

Масличные

с 18 мая по 30 мая

4

Кормовые, в том числе
многолетние бобовые травы
первого, второго и третьего
годов жизни

с 20 апреля по 1 августа

5

Кукуруза и подсолнечник
на силос

с 15 мая по 31 мая

6

Многолетние травы, посеянные
для залужения сенокосных угодий

с 20 апреля по 1 августа

7

Озимые пшеница и рожь

с 15 августа
по 1 сентября

8

Овощебахчевые

с 25 апреля по 10 июня

9

Картофель

с 10 мая по 31 мая