РҚАО ескертпесі:
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012.12.26 № 07-11/1451 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 10 маусымға дейін - субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері белгіленсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 20 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жітіқара
ауданының әкімі К. Испергенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Н. Кушербаев
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 388 әкімдік қаулысына
қосымша
2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері |
Оңтайлы себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай, арпа, сұлы, |
15 мамырдан 5 маусым |
2 |
Бұршақтұқымдастар |
15 мамырдан 5 маусым |
3 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамыр |
4 |
Жемшөптік, оның ішінде |
20 сәуірден 1 тамыз |
5 |
Сүрлемдік жүгері мен |
15 мамырдан 31 мамыр |
6 |
Шабындық жерлерді |
20 сәуірден 1 тамыз |
7 |
Күздік бидай және қара |
15 тамыздан 1 қыркүйек |
8 |
Көкөніс-бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусым |
9 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамыр |