Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 03.08.2015 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістері туралы" 2009 жылғы 28 шілдедегі № 156 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-95 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте "Новый путь - Бозторғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 процентке ұлғайтылсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы,
Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Рақымжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
қаржы Министрлгінің
Қостанай облысы салық
Департаментінің Қамысты
ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы
_____________ Е. Карбозов