Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 28.04.2016 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мәслихаттың 2009 жылғы 28 шілдедегі № 156 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістері туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-95 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте "Новый путь – Бозторғай" газетінде жарияланған), мәслихаттың 2012 жылғы 24 шілдедегі № 51 "Мәслихаттың 2009 жылғы 28 шілдедегі № 156 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-143 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйекте "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Л. Федорова |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Рахимжанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қамысты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мекемесінің басшысы
______________________________ С. Жалаушыбаев