Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2010 жылдың 15 қазанында 9-14-135 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 қазанда "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), не баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармағы жойылсын;
13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының төрағасы Н. Кикебаев
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________ В. Панин