Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 24.06.2013 № 139 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Балғарин
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлiмi"
ММ бастығы
_______________ Ж. Тілеуғабылов
Әкімдіктің
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 180 қаулысына қосымша
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
Жаздық бидай |
15 мамырдан 5 маусымға |
Күздік бидай |
15 тамыздан 1 қыркүйекке |
Күздік қара бидай |
15 тамыздан 1 қыркүйекке |
Сұлы |
15 мамырдан 5 маусымға |
Арпа |
15 мамырдан 5 маусымға |
Тары |
15 мамырдан 5 маусымға |
Қарақұмық |
15 мамырдан 5 маусымға |
Бұршақтұқымдас |
15 мамырдан 5 маусымға |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамырға |
Жемшөптік (ағымдағы жылдың |
30 сәуірден 15 шілдеге |
Бірінші, екінші және үшінші |
20 сәуірден 31 мамырға |
(2 мерзім) |
5 шілдеден 1 тамызға |
Сүрлемдік жүгері және |
15 мамырдан 31 мамырға |
Көкөніс-бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусымға |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамырға |
Шабындық жерлерді |
20 сәуірден 31 мамырға |
(2 мерзім) |
5 шілдеден 1 тамызға |