2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 139 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 маусымда № 4160 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі ұсынысы негізінде, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 5 маусымына дейін айқындалсын.
      2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
      4. Әкімдіктің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 180 "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-147 тіркелген, 2012 жылғы 20 тамыздағы № 23 "Науырзым Тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Науырзым ауданының әкімі                   А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының
      кәсіпкерлік және
      ауыл шаруашылығы
      бөлiмi" ММ бастығы
      _____ Ж. Тілеуғабылов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 24 маусымдағы 
№ 139 қаулысына    
қосымша        

2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының
атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық дәнді дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

Дәнді бұршақ тұқымдас
дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

3

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

4

Жемшөптік дақылдар

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

5

Бірінші өсу жылдағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер

бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін

6

Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс

15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін

7

Көкөністер, бақша
дақылдары

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

8

Картоп

10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

9

Шабындық жерлерді
шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық
шөптер

бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады