Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 90 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 3990 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 158 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 11.11.2013 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) білім беру ұйымдарында оқуға төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардағы жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындарды өтеуге бір жолғы, нақты шығындар бойынша.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Күштері жойылды деп танылсын:
      1) Науырзым аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 7 қазандағы № 409 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-124 тіркелген, 2011 жылы 9 қарашада № 32 "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған);
      2) мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 7 қазандағы № 409 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 38 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-141 тіркелген, 2012 жылы 18 мамырында "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Алдажұманов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               З. Алдажұманова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Науырзым ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Ш. Абилова
 

Мәслихаттың         
2012 жылғы 21 желтоқсандағы 
№ 90 шешіміне қосымша    

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      5) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
      11) мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүруге байланысты шығындары өтеуге, нақты шығындар бойынша:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
      шипажай-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
      жол жүру билеттері (тұрғылықты орнынан жетуге және кері қайтуға).
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген алушылар үшін, жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата Наурзумского района Костанайской области от 21 декабря 2012 года № 90. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 января 2013 года № 3990. Утратило силу - Решением маслихата Наурзумского района Костанайской области от 11 ноября 2013 года № 158

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата Наурзумского района Костанайской области от 11.11.2013 № 158 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Стандартом государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 Наурзумский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь:
      1) инвалидам всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение по фактическим затратам, единовременно, не более 50 месячных расчетных показателей;
      2) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области (далее - прожиточный минимум) за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере 7 месячных расчетных показателей;
      3) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Наурзумского района" (далее-уполномоченный орган по вопросам занятости), единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      5) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 25 месячных расчетных показателей;
      6) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей;
      7) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание, единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      8) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования;
      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на бытовые нужды, ежемесячно в размере 6 месячных расчетных показателей;
      10) лицам, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненные по льготам и гарантиям к участникам войны, на бытовые нужды, ежемесячно, в размере 3 месячных расчетных показателей;
      11) инвалидам на возмещение расходов, связанных с проездом в санатории или реабилитационные центры, единовременно, по фактическим затратам.
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", согласно приложению к настоящему решению.
      3. Признать утратившим силу:
      1) решение маслихата Наурзумского района "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 7 октября 2011 года № 409 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9-16-124, опубликовано в газете 9 ноября 2011 года № 32 "Науырзым танысы");
      2) решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 7 октября 2011 года № 409 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 10 апреля 2012 года № 38 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9-16-141, опубликовано в газете 18 мая 2012 года № 14 "Науырзым танысы").
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Е. Алдажуманов

      Секретарь районного маслихата              З. Алдажуманова

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных
      программ Наурзумского района"
      _____________ Ш. Абилова
 

Приложение           
к решению маслихата      
от 21 декабря 2012 года № 90 

Перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов"

      1. Обязательные документы:
      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя а для несовершеннолетних получателей – свидетельство о рождении;
      3) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      4) документ, подтверждающий наличие банковского счета получателя;
      5) при обращении законного представителя получателя, прилагаются документ, удостоверяющий личность, и документ, подтверждающий полномочия законного представителя.
      2. Дополнительные документы:
      1) для инвалидов всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение по фактическим затратам:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий затраты на лечение;
      2) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      3) для лиц из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      4) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      документ, подтверждающий родственные отношения;
      5) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      6) для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      7) для лиц больных заразной формой туберкулеза, выписанных из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание:
      справка из соответствующей медицинской организации, подтверждающая нахождение на лечении;
      8) для молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования;
      сведения о доходах потребителя (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение;
      9) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      10) для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также других категорий лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      11) для инвалидов на возмещения расходов, связанных с проездом в санаторий или реабилитационный центр, по фактическим затратам:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      выписка из индивидуальной программы реабилитации инвалида;
      выписка из санаторно-курортной карты или медицинской карты;
      проездные билеты (от места жительства до пункта назначения и обратно).
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      4. Для получателей указанных в подпунктах 3) и 4) пункта 1 настоящего решения, уполномоченный орган по вопросам занятости проверяет регистрацию в качестве безработных.