Мәслихаттың 2011 жылғы 7 қазандағы № 409 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 38 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 сәуірде 9-16-141 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 21.12.2012 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 7 қазандағы № 409 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-16-124 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 9 қарашадағы № 32 "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 5), 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Аманбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________________ Ә. Сансызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады