Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 20.08.2013 № 298 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін сегіз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр балаға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
3. Тиісті оқу жылы ішінде әлеуметтік көмек төлемі белгіленсін.
4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
6. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 103 қаулысы жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-97 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған).
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Сарыкөл
ауданының әкімі А. Тұрсынов
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
__________________ С. Молдабеков