"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің "Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 166 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-165 тіркелген, 2012 жылдың 26 сәуірінде "Маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, әскерге шақыру бойынша іс-шараларды өткізу ұсынылсын.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау Басқармасының
"Таран орталық аудандық
ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны бас
дәрігерінің міндеттерін атқарушы
__________________ Ж. Төребекова
"Қостанай облысы Таран
ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік
мекемесi бастығының міндеттерін
атқарушы
____________________ А. Кибеков