Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 166 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде № 9-18-165 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Таран ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Таран ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін, әскерге шақыруды кейінге калдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, әскерге шақыру бойынша іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012.08.07 № 316 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Селолық округтердің, селолардың, кенттердің әкімдері:
      1) әскери міндеттемелерді және әскерге шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларды шақыру туралы хабарласын;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскери міндеттемелердің, әскери шақырушылардың және әскерге шақыру жасына дейінгілердің сандық және сапалы құрамын растайтын құжаттарды ұсынсын;
      3) әскерге шақыру жасына дейінгілерді алдын ала жазаны әскерге шақыруды өткізу кезінде қорғаныс істері бөліміне азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаменті Таран ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетін атқарудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздеуді жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Таран ауданының әкімі                      А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Таран
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ О. Имашев

      "Қазақстан Республикасы
      ішкі істер Министрлігі
      Қостанай облысы ішкі
      істер Департаменті
      Таран ауданының ішкі
      істер бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Т. Жаңғлышев

      "Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау
      Басқармасының "Таран
      орталық аудандық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _________ Н. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады