Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының, 1-тармағының, 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының, 2) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 11 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-212 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурызда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1–тармағының 1–жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, олар үшін лайықты жұмыс болмаған жағдайда".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ахметов
КЕЛЕСІЛДІ:
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Т. Волоткевич