Ескерту. Күші жойылды - Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012.12.29 № 7979 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12–тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми–зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қорытындысы негізінде, жылдың қалыптасқан ауа райы–климаттық жағдайын ескере отырып, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсынудың мерзімдері анықталсын:
1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық–материалдық құндылықтардың, оның ішінде 2 сәуірден 18 мамырға дейін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын арзандатуға;
2) 2 сәуірден 28 желтоқсанға дейін тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға.
2. Қосымшаға сәйкес 2012 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін:
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Федоров
ауданының әкімі Қ. Ахметов
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 271 қаулысына қосымша
2012 жылы субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының оңтайлы
себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы |
Оңтайлы |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан 5 маусымға |
2 |
Күздік бидай, күздік |
15 тамыздан 1 қыркүйекке |
3 |
Сұлы, арпа, тары, |
15 мамырдан 5 маусымға |
4 |
Бұршақ тұқымдас дақылдар |
15 мамырдан 5 маусымға |
5 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамырға |
6 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамырға |
7 |
Көкөніс бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусымға |
8 |
Жемшөптік, оның ішінде |
бірінші мерзім - 20 |
9 |
Шабындық жайылымдарды |
бірінші мерзім - 20 |
10 |
Жүгері және сүрлемдік |
15 мамырдан 5 маусымға |