Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.10.2013 N 190/22 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі" Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бейінді емдеу-алдын алу ұйымдарының мамандандырылған комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған кезде медициналық көрсетімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында елді мекен шегінен тысқары жерлерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен емделу үшін жіберілген Павлодар облысының азаматтарына және олармен ілесіп жүретін тұлғаларға (бір адамнан кем емес) тегін (жеңілдікпен) екі жаққа жол жүру құқығы жылына бір рет ұсынылсын.
2. Бейінді емдеу-алдын алу ұйымдарының мамандандырылған комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған кезде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жіберілген онкологиялық, урологиялық және туберкулезбен ауыратын науқастарға және олармен ілесіп жүретін тұлғаларға (бір адамнан кем емес) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін (жеңілдікпен) екі жаққа жол жүру құқығы олардың өтініштеріне қарай ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тысқары жерлерге емдеуге жіберілетін науқастың және онымен ілесіп жүретін тұлғаның жол жүру ақысының өтеуі "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық медициналық ұйымдарында стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті, сондай-ақ консультативтік-диагностикалық көмек түріндегі жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алуы шартында облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
4. Елді мекен аймағынан тыс медициналық көрсетімдер бойынша емдеуге жіберілетін науқастардың жол ақысын өтеу келесі ұсынылған құжаттар негізінде жүргізілсін:
1) өтініш;
2) жека басы куәлігінің көшірмесі;
3) Комиссиямен берілген, белгіленген үлгідегі емдеуге арналған жолдама көшірмесі (хаттама нөмірі және күнін көрсетумен госпиталдау Бюросы порталы арқылы);
4) Республикалық клиникамен берілген, сондай-ақ жергілікті мәні бар сырқатнамадан үзінді көшірмесі;
5) СТН көшірмесі (салық төлеушінің тіркеу нөмірі);
6) ӘЖК көшірмесі (әлеуметтік жеке коды);
7) жинақтаушы кітапшасы немесе төлем картасының көшірмесі;
8) ДКК анықтамасының көшірмесі (дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы) (бірге алып жүрумен жол ақысы жағдайында);
9) туу туралы куәлік көшірмесі (балаға);
10) жол жүру фактісін растаушы билеттер.
Науқас пен онымен ілесіп жүретін тұлғаның емдеуге баруға жұмсалған жол ақысы фактісін растайтын құжаттар емдеу орнынан келгеннен кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Науқас және онымен ілесіп жүретін тұлғаның жол жүруін растаушы билеттер жоғалған жағдайда емдеу орнына дейін және кері қайту жол ақысын растайтын анықтама ұсынылуы керек.
Басқармаға жоғарыда аталған құжаттарды ұсынған жағдайда жол ақысын өтемеу мүмкін емес. Басқа құжаттар талап етілмейді.
5. Медициналық көрсетімдер бойынша емдеуге жіберілген науқастардың және олармен ілесіп жүретін тұлғалардың (бір адамнан аспауы тиіс) елді мекен аймағынан тыс жол жүруі теміржол (ұйықтайтын вагоннан басқа) және қалааралық автокөлікте жол жүруі кезінде жол ақысы (екі жаққа) емдеу орнына дейін билет бағасының құны толық көлемінде өтеледі.
6. Медициналық көрсетімдер бойынша емдеуге жіберілетін науқастардың және олармен ілесіп жүретін тұлғалардың (бір адамнан аспауы тиіс) елді мекен аймағынан тыс әуежай көлігімен ұшуы кезінде емдеу орнына дейін теміржол көлігі жедел поездының купелі вагонының билеті бағасынан аспайтын мөлшерде жол ақысының бөлшекті компенсациясы (екі жаққа) емдеу орнына дейін төленеді.
7. Басқарма науқастардың және олармен ілесіп жүретін тұлғалардың емдеуге жұмсаған жол шығындарын төлеуді жүргізсін.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Қ. Нүкенов
Облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов