Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 14.04.2022 № 2 бірлескен қаулысымен және Павлодар облыстық мәслихатының 14.04.2022 № 148/12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 14.04.2022 № 2 бірлескен қаулысымен және Павлодар облыстық мәслихатының 14.04.2022 № 148/12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | А. Касицин |
Облыс әкімі | Е. Арын |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | М. Көбенов |
Павлодар облыстық мәслихаттың (V сайланған V сессиясы) 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 шешіміне Қосымша |
Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 14.04.2022 № 2 бірлескен қаулысымен және Павлодар облыстық мәслихатының 14.04.2022 № 148/12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
гектар
№ р/с | Қалалар мен аудандардың атауы | Бір әкімшілік аудан (қала) құқығы болуы мүмкін шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері: | |||||||
Жеке меншік | Уақытша өтеулі жер пайдалану | ||||||||
Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның аффилиирленген тұлғаларында | Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның аффилиирленген тұлғаларында | ||||||
Барлығы | Оның ішінде суару | Барлығы | Оның ішінде суару | Барлығы | Оның ішінде суару | Барлығы | Оның ішінде суару | ||
1 | Павлодар қаласы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Екібастұз қаласы | 60 | 1 | 60 | 1 | 60 | 1 | 60 | 1 |
3 | Ақсу қаласы | 34 | 1 | 34 | 1 | 34 | 1 | 34 | 1 |
4 | Ақтоғай ауданы | 51 | 1 | 51 | 1 | 51 | 1 | 51 | 1 |
5 | Баянауыл ауданы | 50 | 1 | 50 | 1 | 50 | 1 | 50 | 1 |
6 | Железин ауданы | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 |
7 | Ертіс ауданы | 36 | 1 | 36 | 1 | 36 | 1 | 36 | 1 |
8 | Тереңкөл ауданы | 23 | 1 | 23 | 1 | 23 | 1 | 23 | 1 |
9 | Аққулы ауданы | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 |
10 | Май ауданы | 66 | 1 | 66 | 1 | 66 | 1 | 66 | 1 |
11 | Павлодар ауданы | 15 | 1 | 15 | 1 | 15 | 1 | 15 | 1 |
12 | Успен ауданы | 32 | 1 | 32 | 1 | 32 | 1 | 32 | 1 |
13 | Шарбақты ауданы | 21 | 1 | 21 | 1 | 21 | 1 | 21 | 1 |