Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 "Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3212 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін.";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |
Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
гектар
№ р/с | Қалалар мен аудандардың атауы | Бір әкімшілік аудан (қала) құқығы болуы мүмкін шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері: | |||||||
Жеке меншік | Уақытша өтеулі жер пайдалану | ||||||||
Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның аффилиирленген тұлғаларында | Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның аффилиирленген тұлғаларында | ||||||
Барлығы | Оның ішінде суару | Барлығы | Оның ішінде суару | Барлығы | Оның ішінде суару | Барлығы | Оның ішінде суару | ||
1 | Павлодар қаласы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Екібастұз қаласы | 60 | 1 | 60 | 1 | 60 | 1 | 60 | 1 |
3 | Ақсу қаласы | 34 | 1 | 34 | 1 | 34 | 1 | 34 | 1 |
4 | Ақтоғай ауданы | 51 | 1 | 51 | 1 | 51 | 1 | 51 | 1 |
5 | Баянауыл ауданы | 50 | 1 | 50 | 1 | 50 | 1 | 50 | 1 |
6 | Железин ауданы | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 |
7 | Ертіс ауданы | 36 | 1 | 36 | 1 | 36 | 1 | 36 | 1 |
8 | Тереңкөл ауданы | 23 | 1 | 23 | 1 | 23 | 1 | 23 | 1 |
9 | Аққулы ауданы | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 | 31 | 1 |
10 | Май ауданы | 66 | 1 | 66 | 1 | 66 | 1 | 66 | 1 |
11 | Павлодар ауданы | 15 | 1 | 15 | 1 | 15 | 1 | 15 | 1 |
12 | Успен ауданы | 32 | 1 | 32 | 1 | 32 | 1 | 32 | 1 |
13 | Шарбақты ауданы | 21 | 1 | 21 | 1 | 21 | 1 | 21 | 1 |