Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3) тармақшасына, Баянауыл ауданы әкiмдiгi мен Баянауыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі "Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" N 121/17 бiрлескен қаулысы мен шешiмiне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 мамырдағы "Қарабұлақ ауылын тарату және оның аумағын Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округі Ұзынбұлақ ауылының құрамына енгізу туралы" N 136/5 қаулысына сәйкес, Баянауыл ауданы Қарабұлақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты Қарабұлақ ауылы кейіннен есептік деректерден шығарылып, таратылсын және оның аумағы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі Ұзынбұлақ ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы қаулы мен шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы, облыстық
мәслихаттың хатшысы М. Көбенов
Павлодар облысының әкiмi Е. Арын