Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 121/11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 қаңтарда N 3319 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 224/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.03.2018 № 224/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Терентьев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов

  Павлодар облысының
мәслихатының 2012 жылғы
06 желтоқсандағы
N 121/11 шешімімен
бекітілді

Павлодар облысында жылу беру маусымына
дайындық және оны өткізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      Осы Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" N 1822 қаулысының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 211 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 143 бұйрығы негізінде әзірленді және Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. Қағиданың кіріспесіне өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 10.12.2015 N 406/46 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      1. Қағида Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындары мен ұйымдардың және энергетикалық кешеннің энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі қызметін үйлестіреді.

      2. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушыларды жылумен, сумен, электрмен жабдықтауды және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттарда қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуін ескере отырып қамтамасыз етеді.

      3. Күзгі-қысқы жағдайда Павлодар облысының энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жұмысқа дайындау жыл сайын жүзеге асырылады.

      4. Жылу беру маусымына дайындықты және оны өткізуді жалпы үйлестіруді облыстың атқарушы органы құрған облыстық жұмыс тобы жүзеге асырады.

      5. Облыстың қалалары мен аудандарында жылу беру маусымына дайындықты және өткізуді ұйымдастыруды қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған қалалық және аудандық жұмыс тобы жүзеге асырады.

      6. Облыстың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және жыл сайын мынадай тәртіпте ұсынылады:

      энергетикалық кешеніне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаға жататын кәсіпорындар мен ұйымдар жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады;

      қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған іс-шаралар негізінде қалалар мен аудандардың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және бекітеді, "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - Басқарма) ұсынады.

      Басқарма қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған іс-шаралар негізінде облыстың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және бекітеді және Павлодар облысының әкімдігіне ұсынады.

      7. Жылу беру маусымына дайындалу жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі есептерді мынадай тәртіпте:

      кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша есеп түрінде энергетикалық кешенге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаға, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жататын кәсіпорындар мен ұйымдар;

      Басқармаға қалалар мен аудандар бойынша жиынтық есеп түрінде қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары;

      Басқарма облыс бойынша жиынтық есеп түрінде Павлодар облысының әкімдігіне апта сайын ұсынады.

      8. Жылу беру маусымына дайындалу кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған кезде есепке:

      орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралар;

      жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.

      9. Қалалар мен аудандарды энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      10. Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші) ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттер) өзара қарым-қатынасы олардың арасында жасасылған келісім-шартпен (одан әрі - Келісім-шарт) және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

2. Жылу беру маусымына дайындық

      11. Жыл беру маусымының дайындығы:

      өткен жылу беру маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу мен орындауды;

      энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және бекітуді;

      жылумен жабдықтау көздерінде, инженерлік желілерде қайта жөндеу, күрделі және ағымдағы жөндеу, зерттеулер мен тазалау жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізуді;

      отын қоймаларын дайындау, электр көздерінде негізгі және резервтік отынның нормативтік қорын құруды;

      ғимараттарды (үйлерді) жылу беру маусымына дайындау, үйішілік жүйелердің жабдықтарын профилактикадан өткізу, жөндеу және ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтиды.

      12. Пәтер (үй-жай) иелерінің кооперативі, кондоминиумды басқару органдары:

      ішкі үйлік инженерлік желілер мен құрылыстардың, жалпы үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жалпы үйге ортақ қажеттілік үшін пайдаланылатын жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарда жылу шығындарын болдырмауды алдын алады;

      жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетушіге орнатылған пломбалар бүтіндігінің бұзылу жағдайы туралы хабарлайды;

      жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсететін өкілдердің жалпы үйге ортақ жылуды есептеу құралдарына, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      барлығына қол жетімді орындарда ішкіүйлік инженерлік желілер мен құрылыстарда жөндеу мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефондары, апаттық қызметтердің телефондары) қабырғаларға орналастыруды қамтамасыз етеді;

      инженерлік жабдықтардың және кондоминиум объектісінің коммуникацияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды;

      апатты жағдайлардың туындауын қоспағанда, меншік (пәтер, үй-жай) иелеріне инженерлік желілерді сөндіру, байқап сынау немесе жұмыс режимінде болатын басқа да өзгерістер туралы алдын ала хабарлайды.

      13. Жылу желілерінің күзет аймақтары шегінде осы желілерге иелік ететін ұйымдардың жазбаша келісімінсіз:

      1) құрылыс, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізуге, объектілер мен құрылыстарда салуға;

      2) тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, автомобиль көліктерінің тұрақтарын жасауға, материалдарды жинап қоюға;

      3) қоршаулар мен дуалдар салуға;

      4) іздестіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты жұмыстарды жүргізуге;

      5) жалпы биіктігі жол қабатынан немесе жер бетінен 4,5 метрден артық емес жерлерде (эстакадтарда автожолдар астында төселген жер үсті құбырларының астында) машиналар мен механизмдердің өтуіне жол берілмейді.

      Жылу желілерінің күзет аймақтарының теміржол және автомобиль жолдары белдеуімен, басқа құбырлардың, күзет аймақтарымен, байланыс, телекоммуникациялар, кабельдер желілерінің бір жерден түйісуі кезінде және басқа объектілермен түйісетін аумақ учаскелерінде осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізуді мүдделі ұйымдар олардың арасында жүргізілген келісім бойынша жүзеге асырады.

      Ұйымдардың иелігіне жататын жылу желілерінің күзет аймақтарындағы заңды және жеке тұлғалар қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге және бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған талаптарды орындайды.

      14. Энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апаттарды жою жылумен жабдықтау, жылу беруші және жылу тұтынушы ұйымдармен, жөндеу-құрылыс, көлік ұйымдарымен өзара әрекет ете отыра жүзеге асырылады.

      15. Иелігінде жылу және электр желілері бар ұйымдар сол желілердің күзет аймақтарында оларды жөндеуге қажетті жұмыстарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 231 бұйрығына сәйкес жүргізеді.

      Меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерінде орналасқан жылу желілерінде апаттарды алдын алу немесе олардың салдары жөніндегі жұмыстар оларды хабарландыру арқылы жүзеге асырылады.

      Аталған жұмыстарды орындағаннан кейін жылу желілеріне иелік етуші ұйымдар жер учаскелерін мақсатына сай қолдану үшін оларды жарамды күйге келтіреді.

      Жол жабындысының бұзылуын туғызатын жылу желілерін жөндеу және жаңарту жөніндегі жоспарлы жұмыстар жол органдарымен, автомобиль жолдарын басқарушы органдармен, және жол полициясы органдарымен келісілгеннен кейін, сондай-ақ бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға және тиісті жол белгілерін орнатумен автомобиль жолдарын пайдаланушыларға хабарлай отыра жүргізіледі.

      Шұғыл апатты-қалпына келтіру жұмыстары жол органдары, жол полициясы органдары автомобиль жолдарын басқарушы органдарының қатысуымен орындалады.

      Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жол органдары өкілдерінің нұсқаулары міндетті болып табылады.

      Жұмыстар аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым жол жабындысын және жолдың инженерлік орналасуын қалпына келтіреді.

      Жолдарда жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органдары жөндеу жұмысыын жүргізген ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және тиісті актімен ресімделеді.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 10.12.2015 N 406/46 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      16. Жылу көздерін жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жылу беру аралығы кезеңінде ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету шараларын қолдана отыра жүзеге асырылады.

      17. Жылумен жабдықтау көздерінде және орталық жылу беру пунктерінде, күзгі кезеңде және жүктелімнің қысқы максимумынан өту кезеңінде жылу қажеттігін қамтамасыз ету үшін жоспарлы-алдын-ала жөндеу бойынша қажетті жұмыстар жыл сайын орындалады.

      18. Тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы жылу пайдалану жүйелерінің жай-күйі мен қызмет көрсету жауапкершілігінің шегі олардың баланстық тиесілігімен анықталады.

      19. Тұтынушыларды жылу тұтыну қоңдырғыларын пайдалануға жіберу кезінде мыналар ескеріледі:

      жаңадан қосылатын және жаңартылатын барлық жылу тұтыну жүйелері энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдармен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;

      пайдалануға қосуға дейін және әрбір жылу беру маусымының алдында жылу тұтыну қоңдырғылары қабылдау-тапсыру сынауларынан өткізіледі.

      Жылу тұтыну жүйелерін пайдалануға енгізу тек қана тұтынушыда жылу тұтынудың сенімді әрі қауіпсіз жұмысына жауапты, дайындалған лайықты қызметшілер мен тұлғалардың бар болуы немесе осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы жағдайында ғана мүмкін болады.

      Энергия таратушы және (немесе) энергия өндіруші ұйым жылу тұтыну жүйелерін үнемі пайдалануға тек оларды сынаудан кейін, анықталған ақауларды жойғаннан кейін, сараптау ұйымынан қорытындыны және шарттың қорытындысын алғаннан кейін рұқсат береді.

      20. Жылу желілерінің құбырлары пайдалануға берілгенге дейін монтаждау, күрделі жөндеу мен жаңарту жүргізілгеннен кейін тазартылады.

      21. Жылумен жабдықтау көздері, орталық жылу беру пункттері, жылу беру желілері және жалпы жылумен жабдықтау ұйымдарының жылу беру маусымына дайындығы:

      негізгі және қосалқы жабдықтарға жоспарлы жөндеу жүргізу;

      жылу беру желілері мен жылу көздерінің есепті режимдегі жұмысына дайындығы;

      электрмен жабдықтаудың резервті кірмелерін сынау;

      өндірістік ғимараттар мен жұмыс орындарын жылыту, жылылау, жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарды аяқтау;

      сыртқы ауа температурасының төмен болуы жағдайында жабдықтардың, технологиялық сызбалардың және құрылыстардың зақымдалуын алдын-алу жөніндегі іс-шараларды орындау;

      релейлі қорғаныс және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын тексерудің жоспарларын орындау;

      жұмыс орындарын оқытудан өткен және аттестатталған қызметшілермен толықтыру;

      жылумен жабдықтау көздеріне арналған жобаға сәйкес негізгі отын қорын және резервті отын қорын құру жөніндегі жоспарды орындау, резервті отын шаруашылығын жұмысқа дайындау бойынша кешенді жұмыстарды өткізу;

      техникалық куәландыру және жабдықтарды сынау актісін алу;

      объектілер мен жабдықтардың жылу беру маусымына техникалық дайындық актісін алу негізінде анықталады.

      Барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы" № 55 бұйрығына сәйкес береді.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 10.12.2015 N 406/46 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      22. Тапсырыс берушілер (тұтынушылар) және жылумен жабдықтаушы ұйымдар пайдалануға қабылдамаған қазандықтар, жылу желілері, орталық жылу пункттері, сорғы станциялары, орталық жылыту жүйелерін жылу беру маусымына дайындауды және жаңа үйлерді ыстық сумен жабдықтауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді.

      23. Жылу беру маусымына тұтынушылардың инженерлік желілерін дайындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары:

      инженерлік желілердің пайдалануына жауапты тұлғаны тағайындау;

      инженерлік желілердің пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: инженерлік желілерді техникалық жағынан пайдалана білуге, техникалық қауіпсіздік ережелерін білуге үйрету және білімдерін тексеру;

      техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;

      бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарын тексеру;

      жертөле және шатыр жайларының барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;

      кіреберістер мен жертөлелердің кіреберіс есіктерін жөндеу;

      шатырлардың және жертөлелердің терезелерін жабу;

      баспалдақтар орналасқан жерлердегі терезелерге қос шыны салу;

      баспалдақтар орналасқан жерлердегі жылу беру жүйесін қалпына келтіру және іске қосу;

      тұрғындардың пәтерлерін жылылауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      жылу пунктінің үй-жайларын жөндеу: ақтау, сырлау, қажетті жарықтандыруды және берік бекітілуін қамтамасыз ету;

      сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;

      жылу пайдаланушы қоңдырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматураларын тексеру және жөндеу;

      техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;

      жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық жағынан тазарта отыра, гидропневматикалық шаюды жүргізу;

      жөндеу іс-шараларын өткізу;

      пломбаланған, тексерілген монометрлерді орнату;

      жылу тұтыну жүйелерінің барлық элементтерін механикалық бекемділігі және жылу тұтыну жүйелерінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық сығымдау) гидравликалық сынаудан өткізу;

      ғимараттардың (үйлердің) электр сымдарының оқшауларының кедергілерін тексеру.

      24. Инженерлік желілер өтетін жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе меншік иесі жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүргізетін ұйым қызметкерлерінің оларға еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      25. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жылу тұтыну жүйесін қабылдауды жылумен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады және техникалық дайындық ресімделеді.

      Техникалық дайындық актісі бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылу беру маусымына дайындалмаған деп есептеледі және қайтадан техникалық тексерілуге жатады.

      26. Тұтынушы жоспарлы жұмыстар мен апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстарды қоспағанда, жылу беру маусымына дайындалу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындамаса және энергия жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым берген техникалық дайындық актісін ресімдемесе және сараптау ұйымының қорытындысын алмаса, онда жылу тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді.

      27. Жылу энергиясын тұтыну белгісі және жылу беру режимі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

3. Жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру

      28. Жылу беру маусымының басталуына қарай жылумен жабдықтау көздерінің, жылу беру желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық диагностикалау жүргізіледі.

      29. Жылу көздері жабдықтарын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      жылу беру көздерінде жылу беру жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта іске қосу және байқап көру, жылу желілерін сумен толтыру,берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату жөніндегі жұмыстар орындалады;

      үйішілік жүйелерде арматураны іске қосу орнын орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, тексеру бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;

      жылу көздері мен ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйесіне қосу қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісілген кесте-ге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.

      30. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

      Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскедегі жабдықтарының жарамдылығы, сынау, шаю және қабылдау актілері тексеріледі.

      31. Байқап көру үрдісінде жабдықтау көздері бойынша анықталған ескертулер жылу беру маусымының басына дейін жойылады.

4. Жылу беру маусымы

      32. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін 1 қыркүйекке дейін әзірлеу және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу ұсынылады. Осыған сәйкес тұтынушыларға белгіленген көрсеткіштің жылу тасығышын (су және бу) беру қамтамасыз етіледі.

      Жылумен жабдықтау жүйесіне қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс:

      балалар, емдеу мекемелері, оқу орындары;

      тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;

      қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, мәдениет мекемелерінің ғимараттары, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.

      Бір уақытта толтырылатын үй ішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз суларымен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.

      33. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың жай-күйіне тексеру жүргізеді және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін жүргізеді.

      34. Пайдалану үрдісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымының басына дейін жойылады.

      35. Жылу беру маусымы кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым Шартқа сәйкес:

      жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді барлық тұтынушылардың қол жеткізуі үшін тең жағдайды жасауды;

      жылу беру желілерінің баланстық тиесілігі бөліміндегі шекарада жылу энергиясының көрсеткіштерін қолдауды;

      тұтынушыға тиісті сапада жылу энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

      36. Жылу беру маусымы жарияланғаннан бастап:

      хабарландыру сызбасы анықталады, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметшілерінің кезекшілігі белгіленеді;

      кәсіпорындарда апатты-қайта қалпына келтіру бригадасы дайындалады;

      ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерін ғимараттың жылу тасығыш жүйесінің жұмысына және жылылаудың жай-күйіне кезеңмен тексеру және бақылау жасауды ұйымдастырады;

      жылумен жабдықтау көздерінде резервтік және апатты жабдықтардың жұмысы, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.

      37. Жылу беру көздерінде және жылу беру желілерінде апаттық жағдай жарияланған сәттен бастап:

      барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетикалық кешен объектілерінде тәулік бойы кезекшілік енгізіледі;

      апаттық жағдайларда пайдалану үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апаттық-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

5. Жылу беру маусымының аяқталуы және жылу беру
аралығы кезеңінде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      38. Жылу беру маусымының аяқталуы жыл сайын хабарланады.

      39. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу беру жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.

      40. Жылу беру аралығы кезеңінде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілері жабдықтарының бекітілген жұмыс сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Су бөлетін нүктелерге (шүмектерге, араластырғыштарға) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норманың талаптарына жауап беруі қажет. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйішілік жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.

      41. Жылу беру желілеріне, жылу беру пункттеріне және жылу тұтыну жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жыл сайын 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады.

6. Қағиданы бұзу жауапкершілігі

      42. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона Павлодарской области

Решение маслихата Павлодарской области от 06 декабря 2012 года N 121/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 09 января 2013 года N 3319. Утратило силу решением маслихата Павлодарской области от 14 марта 2018 года № 224/21 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Павлодарской области от 14.03.2018 № 224/21 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила подготовки и проведения отопительного сезона Павлодарской области.

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по экономике и бюджету.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Терентьев
      Секретарь областного маслихата М. Кубенов

  Утверждено
решением Павлодарского
областного маслихата
от 06 декабря 2012 года N 121/11

Правила подготовки и проведения
отопительного сезона в Павлодарской области

1. Общие положения

      Настоящие Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Павлодарской области (далее – Правила) разработаны на основании Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике", постановления Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2000 года N 1822 "Об утверждении нормативных правовых актов в области электроэнергетики", приказа Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 211 "Об утверждении Правил пользования тепловой энергией" и приказа Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 "Об утверждении Правил пользования электрической энергией и определяют порядок подготовки и проведения отопительного сезона в Павлодарской области.

      Сноска. Преамбула Правил с изменениями, внесенными решением маслихата Павлодарской области от 10.12.2015 N 406/46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Правила координируют деятельность местных исполнительных органов, предприятий и организаций жилищно-коммунального и энергетического комплекса Павлодарской области по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы к отопительному сезону.

      2. Предприятия и организации, входящие в жилищно-коммунальный и энергетический комплекс области, обеспечивают устойчивое теплоснабжение, электроснабжение, водоснабжение и водоотведение потребителей, а также поддерживают необходимые параметры энергоносителей и обеспечивают нормативный температурный режим в жилых домах и зданиях с учетом их назначения.

      3. Подготовка объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы Павлодарской области к работе в осенне-зимних условиях осуществляется ежегодно.

      4. Общая координация подготовки и проведения отопительного сезона осуществляется областной рабочей группой, образуемой местным исполнительным органом области.

      5. Организация подготовки и проведения отопительного сезона в городах и районах области осуществляется городскими и районными рабочими группами, образуемыми местными исполнительными органами городов и районов.

      6. Мероприятия по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы области к отопительному сезону разрабатываются и представляются ежегодно в следующем порядке:

      предприятиями и организациями, входящими в энергетический комплекс, жилищно-коммунальное хозяйство и социальную сферу, по окончанию отопительного сезона разрабатываются мероприятия по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы и представляются в местные исполнительные органы городов и районов;

      местными исполнительными органами городов и районов на основе представленных мероприятий разрабатываются и утверждаются мероприятия по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы городов и районов и представляются в государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Павлодарской области" (далее - Управление);

      Управлением, на основе представленных мероприятий местных исполнительных органов городов и районов, разрабатываются и утверждаются мероприятия по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы области и представляются в акимат Павлодарской области.

      7. Отчеты по выполнению мероприятий по подготовке к отопительному сезону представляются еженедельно в следующем порядке:

      предприятиями и организациями, входящими в энергетический комплекс, жилищно-коммунальное хозяйство и социальную сферу, в местные исполнительные органы городов и районов в виде отчетов по предприятиям и организациям;

      местными исполнительными органами городов и районов в Управление, в виде сводных отчетов по городам и районам;

      Управлением в акимат Павлодарской области, в виде сводного отчета по области.

      8. При невыполнении запланированных работ при подготовке к отопительному сезону к отчету прилагаются:

      справка с указанием причин невыполнения;

      принимаемые меры по исправлению ситуации;

      новые сроки выполнения работ.

      9. Взаимодействие оперативно-диспетчерских служб предприятий и организаций по вопросам энергообеспечения городов и районов определяется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      10. Взаимоотношения энергоснабжающих (энергопередающих) организаций с потребителями (абонентами) определяются заключенным между ними договором теплоснабжения (далее Договором) и действующим законодательством Республики Казахстан.

2. Подготовка к отопительному сезону

      11. Подготовка к отопительному сезону включает:

      анализ недостатков, выявленных в предыдущем отопительном сезоне, разработку и выполнение мероприятий по их устранению;

      разработку и утверждение мероприятий по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы области;

      проведение необходимых работ по реконструкции, капитальному и текущему ремонтам, испытаниям и промывкам на источниках теплоснабжения, инженерных сетях;

      подготовку топливных складов, создание нормативных запасов основного и резервного топлива на энергоисточниках;

      проведение работ по подготовке к отопительному сезону зданий (домов), профилактике, ремонту и замене оборудования внутридомовых систем.

      12. Кооперативы собственников квартир (помещений), органы управления кондоминиума:

      обеспечивают сохранность, безопасность, надлежащее техническое состояние и эксплуатацию внутридомовых инженерных сетей и сооружений, общедомовых приборов учета тепловой энергии;

      обеспечивают рациональное потребление услуг по теплоснабжению, используемых на общедомовые нужды, предотвращают теплопотери на внутридомовых инженерных сетях и сооружениях;

      уведомляют поставщика услуг по теплоснабжению о случаях нарушения целостности установленных пломб;

      обеспечивают беспрепятственный доступ представителей поставщика услуг по теплоснабжению к общедомовым приборам учета тепловой энергии, внутридомовым инженерным сетям и сооружениям;

      обеспечивают размещение на стендах информации об организациях, осуществляющих ремонт и обслуживание внутридомовых инженерных сетей и сооружений (название, контактные телефоны, телефоны аварийных служб), в местах, доступных для общего обозрения;

      принимают меры по обеспечению бесперебойной работы инженерного оборудования и коммуникаций объекта кондоминиума;

      заблаговременно уведомляют собственников (квартир, помещений) об отключении, испытании или ином изменении режима работы инженерных сетей, кроме случаев возникновения аварийных ситуаций.

      13. В пределах охранных зон тепловых сетей без письменного согласия организаций, в ведении которых находятся эти сети, не допускается:

      1) проведение строительных, монтажных и земляных работ, строительство объектов и сооружений;

      2) осуществление погрузочно-разгрузочных работ, стоянка автомобильного транспорта, складирование материалов;

      3) сооружение ограждений и заборов;

      4) проведение поисковых работ, работ, связанных с устройством скважин и шурфов;

      5) проезд машин и механизмов, имеющих общую высоту от поверхности дороги или земли более 4,5 метров (под надземными трубопроводами, проложенными над автодорогами на эстакадах).

      При совпадении охранных зон тепловых сетей с полосами отвода железных и автомобильных дорог, охранными зонами других трубопроводов, линий связи, телекоммуникаций, кабелей, проведение работ, связанных с эксплуатацией этих объектов, на совпадающих участках территорий осуществляется заинтересованными организациями по согласованию между ними.

      Юридические и физические лица в охранных зонах тепловых сетей, находящихся в ведении организаций, выполняют требования, направленные на обеспечение сохранности и предотвращение нарушений безопасности.

      14. Ликвидация аварий на объектах энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы осуществляется во взаимодействии с теплоснабжающими, теплопередающими и теплопотребляющими организациями, ремонтно-строительными, транспортными организациями.

      15. Организации, в ведении которых находятся тепловые и электрические сети, производят в охранных зонах этих сетей работы, необходимые для их ремонта, в соответствии с приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 231 "Об утверждении Правил охраны электрических и тепловых сетей, производства работ в охранных зонах электрических и тепловых сетей.

      Работы по предотвращению аварий или ликвидации их последствий на тепловых сетях, расположенных на земельных участках собственников и землепользователей, производятся с их уведомлением.

      После выполнения указанных работ, организации, в ведении которых находятся тепловые сети, приводят земельные участки в состояние, пригодное для их использования по целевому назначению.

      Плановые работы по ремонту и реконструкции тепловых сетей, вызывающие нарушение дорожного покрытия, производятся после согласования с дорожными органами, управляющими автомобильными дорогами и органами дорожной полиции, а также с уведомлением об этом местных исполнительных органов и пользователей автомобильных дорог, установлением соответствующих дорожных знаков.

      Срочные аварийно-восстановительные работы выполняются с участием представителей дорожных органов, органов дорожной полиции и органов, управляющих автомобильными дорогами.

      Указания представителя дорожных органов в части обеспечения безопасности дорожного движения являются обязательными.

      По завершении работ организация, производящая ремонтные работы, восстанавливает дорожное покрытие и инженерное обустройство дороги.

      Приемка выполненных восстановительных работ на дорогах осуществляется дорожными органами с участием организации, производящей ремонтные работы, и оформляется соответствующим актом.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными решением маслихата Павлодарской области от 10.12.2015 N 406/46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Работы по реконструкции и капитальному ремонту теплоисточников производятся в межотопительный период принятием мер по обеспечению электроснабжения, теплоснабжения и водоснабжения зданий (жилых домов).

      17. На источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах рекомендуется ежегодно выполнять работы, необходимые для обеспечения нужд отопления в осенний период, в период прохождения зимнего максимума нагрузок и работы по планово-предупредительному ремонту.

      18. Граница ответственности между потребителем и энергопередающей или энергоснабжающей организацией за состояние и обслуживание систем теплоиспользования определяется их балансовой принадлежностью.

      19. При допуске к эксплуатации теплопотребляющих установок потребителей учитывается следующее:

      все вновь присоединяемые и реконструируемые системы теплопотребления выполняются в соответствии с проектной документацией, согласованной с энергопередающей и (или) энергопроизводящей организациями;

      до пуска в эксплуатацию и перед каждым отопительным сезоном теплопотребляющие установки проходят приемо-сдаточные технические испытания.

      Допуск систем теплопотребления в эксплуатацию возможен только при наличии у потребителя соответствующего подготовленного персонала и лица, ответственного за надежную и безопасную работу теплопотребляющих установок, либо договора на обслуживание со специализированной организацией, имеющей разрешение на такой вид деятельности.

      Энергопередающая и (или) энергопроизводящая организация выдает разрешение на постоянную эксплуатацию систем теплопотребления после их испытания, устранения выявленных при этом дефектов, получения заключения в экспертной организации и заключения Договора.

      20. Трубопроводы тепловых сетей до ввода их в эксплуатацию после монтажа, капитального ремонта и реконструкции подвергаются промывке.

      21. Готовность к отопительному сезону источников теплоснабжения, центральных тепловых пунктов, тепловых сетей и в целом теплоснабжающих организаций определяется на основании:

      выполнения плановых ремонтов основного и вспомогательного оборудования;

      готовности тепловых сетей и теплоисточников к работе в расчетном режиме;

      опробования резервных вводов электроснабжения: окончания всех работ по отоплению, утеплению и освещению производственных зданий и рабочих мест;

      выполнения мероприятий по предупреждению повреждений оборудования, технологических схем и сооружений в условиях низких температур наружного воздуха;

      выполнения планов проверки устройств релейной защиты и противоаварийной автоматики;

      укомплектованности рабочих мест обученным и аттестованным персоналом;

      выполнения плана по созданию запасов основного топлива и запасов резервного топлива в соответствии с проектом на источник теплоснабжения, проведения комплекса работ по подготовке к работе резервных топливных хозяйств;

      получения акта технического освидетельствования и испытания оборудования;

      получения акта технической готовности к отопительному сезону объектов и оборудования.

      Паспорта готовности отопительным котельным всех мощностей и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных) к работе в осенне-зимних условиях выдаются местными исполнительными органами в соответствии с приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 55 "Об утверждении Правил получения и формы паспорта готовности энергопроизводящими, энергопередающими организациями к работе в осенне-зимних условиях.

      Сноска. Пункт 21 с изменениями, внесенными решением маслихата Павлодарской области от 10.12.2015 N 406/46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Подготовка к отопительному сезону построенных котельных, тепловых сетей, центральных тепловых пунктов, насосных станций, систем центрального отопления и горячего водоснабжения домов-новостроек, не принятых в эксплуатацию заказчиками (потребителями) и теплоснабжающими организациями, обеспечивается строительными организациями.

      23. Организационные мероприятия по подготовке инженерных систем потребителей к отопительному сезону включают:

      назначение лица, ответственного за эксплуатацию инженерных сетей;

      подготовку лиц, ответственных за эксплуатацию инженерных сетей: проведение их обучения и проверку знания технической эксплуатации инженерных сетей, техники безопасности;

      подготовку полного пакета технической документации;

      проведение поверки контрольно-измерительных приборов и приборов коммерческого учета;

      выполнение тепловой изоляции всех трубопроводов теплоснабжения и горячей воды в пределах подвальных и чердачных помещений;

      ремонт входных дверей подъездов и подвалов;

      закрытие окон чердаков и подвалов;

      восстановление двойного остекления окон лестничных клеток;

      восстановление и включение в работу отопления лестничных клеток;

      организацию обеспечения утепления квартир жильцами;

      проведение ремонта помещения теплового пункта, включающего побелку, покраску, обеспечение необходимого освещения и надежного запирания;

      восстановление теплоизоляции наружных трубопроводов и арматуры;

      проведение ревизии и ремонта всей установленной запорной, регулирующей арматуры теплоиспользующих установок;

      проверку технических термометров, очистку гильзы с последующей заливкой технического масла;

      проведение гидропневматической промывки с механической очисткой элементов систем теплопотребления по окончании отопительного сезона;

      проведение наладочных мероприятий;

      установку опломбированных, поверенных манометров;

      проведение гидравлического испытания систем теплопотребления всех элементов на механическую прочность и гидравлическую плотность системы теплопотребления (гидравлическая опрессовка);

      проверку сопротивления изоляции электропроводок зданий (домов).

      24. Арендатор либо собственник подвальных помещений, по которым проходят инженерные сети, обеспечивает свободный доступ персоналу организации, производящей ремонтные и эксплуатационные работы.

      25. Приемка систем теплопотребления жилых и общественных зданий, после выполнения работ, осуществляется теплоснабжающей организацией и оформляется актом технической готовности.

      Системы теплопотребления, не принятые по акту технической готовности, считаются не подготовленными к отопительному сезону и подлежат повторному техническому обследованию.

      26. Включение системы теплопотребления не допускается без выполнения потребителем комплекса мероприятий по подготовке к отопительному сезону и оформления акта технической готовности, выданного энергоснабжающей и (или) энергопередающей организацией, и получения заключения экспертной организации, кроме случаев плановых ремонтов, аварийно-восстановительных работ.

      27. Потребительские свойства и режим предоставления тепловой энергии должны соответствовать требованиям, установленным действующей нормативно-технической документацией.

3. Опробование систем теплоснабжения

      28. Для проверки готовности источников теплоснабжения, тепловых сетей к началу отопительного сезона и выявления скрытых дефектов проводится техническое диагностирование систем теплоснабжения.

      29. Для включения оборудования теплоисточников и подключения зданий (домов) производятся следующие работы:

      на теплоисточниках выполняются работы по сборке схем теплофикационного оборудования, расконсервированию и опробованию оборудования, заполнению водой и постановке под давление подающего и обратного трубопроводов тепловых сетей и установлению циркуляции;

      на внутридомовых системах производятся работы по установке пускового положения арматуры, заполнению подводящих трубопроводов и систем теплоснабжения водой, проверке наличия поверенных контрольно-измерительных приборов и регуляторов;

      подключение теплоисточников и зданий в строгом соответствии с графиками подключения систем теплоснабжения, согласованными с местными исполнительными органами городов и районов.

      30. Пуск и опробование магистральных и распределительных тепловых сетей производятся пусконаладочной бригадой.

      До пуска проверяются исправность оборудования запускаемого участка сети, наличие актов испытаний, промывки и приемки.

      31. Выявленные в процессе опробования замечания по тепловым сетям, источникам теплоснабжения устраняются до начала отопительного сезона.

4. Отопительный сезон

      32. Теплоснабжающим организациям рекомендуется разрабатывать и согласовывать ежегодно до 1 сентября с местными исполнительными органами городов и районов графики опробования, подключения систем теплоснабжения и расчетные графики гидравлических и температурных параметров, в соответствии с которыми обеспечивается подача потребителям теплоносителя (воды и пара) установленных параметров.

      В графиках подключения систем теплоснабжения соблюдается следующая очередность подключения потребителей:

      детские, лечебные и учебные заведения;

      жилые здания, гостиницы, общежития;

      общественные и бытовые здания, здания учреждений культуры, административные здания, промышленные предприятия и прочие здания.

      При определении количества одновременно заполняемых внутридомовых систем необходимо учитывать обеспеченность источников теплоснабжения хозяйственно-питьевой водой, производительность водоподготовки и подпиточных устройств.

      33. После подключения всех зданий (домов), эксплуатирующие организации проводят проверку состояния оборудования и первичную регулировку внутридомовых систем.

      34. Недостатки в работе источников теплоснабжения, тепловых сетей и внутридомовых систем, выявленные в процессе эксплуатации, устраняются до начала отопительного сезона.

      35. Во время отопительного сезона теплоснабжающая организация, согласно Договору, обеспечивает:

      предоставление равных условий для всех потребителей услуг по теплоснабжению;

      поддержание на границе раздела балансовой принадлежности тепловых сетей параметров тепловой энергии;

      предоставление потребителю услуги по теплоснабжению соответствующего качества.

      36. С объявлением отопительного сезона:

      уточняется схема оповещения, устанавливается дежурство ответственных работников объектов жилищно-коммунального и энергетического комплекса области;

      приводятся в готовность аварийно-восстановительные бригады на предприятиях;

      персоналом организаций, эксплуатирующих здания (дома), организуются периодический обход и контроль за работой систем теплоносителя и состоянием утепления зданий;

      на источниках теплоснабжения проверяются работа резервного и аварийного оборудования, наличие инструмента, материалов и запасных частей.

      37. С объявлением аварийной ситуации на теплоисточнике и тепловых сетях:

      на всех объектах жилищно-коммунального и энергетического комплекса вводится круглосуточное дежурство;

      на предприятиях и в организациях вводится повышенная готовность вспомогательных аварийно-восстановительных бригад, обеспеченных механизмами и материалами для использования в аварийных ситуациях.

5. Завершение отопительного сезона и обеспечение
горячего водоснабжения в межотопительный период

      38. Окончание отопительного сезона объявляется ежегодно.

      39. После окончания отопительного сезона организации, эксплуатирующие здания (дома), отключают систему центрального отопления и обеспечивают работу систем горячего водоснабжения по летней схеме.

      40. В межотопительный период теплоснабжающие организации обеспечивают горячее водоснабжение потребителей по утвержденной схеме работы оборудования источников тепла и тепловых сетей. Температура воды, подаваемой к водоразборным точкам (кранам, смесителям), должна отвечать требованиям технических и санитарных норм. Не допускаются перерывы в подаче горячей воды больше сроков, установленных графиками, согласованными с местными исполнительными органами, на время, необходимое для ремонта установок горячего водоснабжения на источниках теплоснабжения, подготовки элеваторных узлов, автоматизированных тепловых пунктов и внутридомовых систем.

      41. Ремонт тепловых сетей, тепловых пунктов и систем теплопотребления рекомендуется производить ежегодно до 1 сентября.

6. Ответственность за нарушение Правил

      42. Ответственность за нарушение Правил устанавливается в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.