Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХІ сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 121/11 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 406/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 қаңтарда № 4881 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 224/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.03.2018 № 224/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХІ сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 121/11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3319 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда, "Звезда Прииртышья" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және өткізу қағидасының кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы "Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы" № 10 бұйрығының" деген сөздер мен сандар "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 211 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 143 бұйрығы" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      15-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Иелігінде жылу және электр желілері бар ұйымдар сол желілердің күзет аймақтарында оларды жөндеуге қажетті жұмыстарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 231 бұйрығына сәйкес жүргізеді.";

      21-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы" № 55 бұйрығына сәйкес береді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы С. Сыздықов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады