Павлодар қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 09 шілдедегі N 1008/21 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 шілдеде N 12-1-190 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 85/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 01.02.2016 № 85/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындар жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      2. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмыс орындар жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмысқа жолдама беру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар қаласының әкімі О. Қайыргелдинов

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Павлодаре

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 09 июля 2012 года N 1008/21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 25 июля 2012 года N 12-1-190. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 1 февраля 2016 года № 85/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 01.02.2016 № 85/2.
      В соответствии с пунктом 1 статьи 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты и обеспечения занятости лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Установить квоту рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Павлодара" руководствоваться данным постановлением при направлении на работу обратившихся лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций.
      4. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Канафину А. М.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Павлодара О. Каиргельдинов