Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 13.06.2013 N 156/20 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) табысына және отбасы құрамына қарамастан, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азаматтардың келесі санаттарының (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындардан басқа) қайтыс болуы күнінен 6 (алты) ай ішінде тұлға өтініш берсе жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болары алдында жұмыс істегендер;
қайтыс болған уақытта "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) есепте тұрған жұмыссыздар;
стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандар;
Бөлімде тіркелуіне қарамастан зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемеген: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;
Бөлімде тіркелуіне және жасына қарамастан, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына, Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздар;
онкологиялық, туберкулез ауруымен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандар;
мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлер;
18 жасқа дейінгі балалар, орта білім беретін арнаулы оқу орындарының оқушылары және күндізгі оқу бөліміндегі студенттер;
жұмыс істемейтін 7 жасқа дейін балалары бар әйелдер;
2) табысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғаларға немесе отбасылық жұптарға: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын келесі құрамдағы отбасыларына жыл сайынғы әлеуметтік көмек:
зейнеткерлер, зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектер, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектер, отбасы құрамында: жұмыссыз ретінде Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар, туберкулезге қарсы, немесе онкологиялық, немесе наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар, төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Алынып тасталды;
6) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жедел немесе жоспарлы хирургиялық операциядан өткен, есептен шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтініш берген тұлғаларға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
7) өтініш берушінің отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болатын жүктілігі бойынша (12 аптаға дейін) есепте тұратын жүкті әйелдерге алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
8) Алынып тасталды;
9) отбасы құрамын және табысын ескермей өрт, дүлей апат, қайғылы жағдай, төтенше жағдай салдарынан тіршілік ету мүмкіндігінсіз қалған тұлғаларға ("Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы бойынша) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұрынғы алған біржолғы көмекке қарамастан) біржолғы әлеуметтік көмек. Үй тұрмысы құралдарының, пәтер заттарының және шаруашылық құрылыстарының жартылай зақымданған кезде көмек мөлшері он екі айлық есептік көрсеткішті құрайды;
10) отбасы құрамын және табысын ескермей 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен және АҚТЖ жұқтырған, туберкулезге шалдыққан, амбулаторлық емделудегі (емдеу тәртібін бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын, арнайы белсенді ем алатын тұлғаларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек:
жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (3, 4 кезеңдегі және аурудың кезеңінен тәуілсіз IV клиникалық топтағы);
қан өндіру және лимфатикалық жүйенің ауруларымен (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздері бар;
аурудың диагнозынан тәуелсіз 18 жасқа дейінгі балаларға;
11) отбасы құрамын және табысын ескермей туберкулезбен ауыратын тұлғалардың амбулаторлық емделуге арналған жолақысына 10000 (он мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
12) отбасы құрамын және табысын ескермей қаланың емдеу – алдын алу мекемелерінде диспансерлік есепке алудың бірінші тобында туберкулез аурулары ретінде есепте тұрған балалары бар отбасыларға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
13) отбасы құрамын және табысын ескермей көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерге төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
14) отбасы құрамын және табысын ескермей ми бөлігінің зақымдануынан балалардың сал ауруымен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек–балалары бар отбасыларына әлеуметтік сауықтыру мен бейімдеуге 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
15) Алынып тасталды;
16) отбасы құрамын және табысын ескермей аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін мүгедек-спортшыларға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
17) 9 Мамыр мерекесі қарсаңында жыл сайынғы әлеуметтік көмек:
"Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне: КСРО-ның "Ленинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" ордендерімен, медальдарымен марапатталғандарға; "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға; фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер гетто, және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрын кәмелет жасына толмаған тұтқындарына; Ұлы Отан соғысы (бұдан әрі – ҰОС) жылдарында қаза тапқан (қаза тапқан, қайтыс болған, із–түссіз жоғалған) жауынгерлердің ата-атаналары мен қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне; қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), сонымен қоса қайтыс болған ҰОС қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет етушілердің әйелдеріне (күйеулеріне); "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған азаматтарға; майдандағы соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер мен ерікті жалдамалы құрамының тұлғаларына; партизандарға, астыртын әрекетке қатысқандарға, ҰОС жылдары ерікті жалдама құрамының әскери қызметшілеріне; "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған, осы медальдарға куәліктері бар тұлғаларға; 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 68000 (алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде;
ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына арналған сыйлықтар жинағына, 5000 (бес мың) теңгеден аспайтын;
18) Отан қорғаушылар күніне жыл сайынғы әлеуметтік көмек:
Ауғанстандағы соғыс қимылдарының, ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
19) сауықтыру үшін Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысушыларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
20) дәрі-дәрмек сатып алу үшін ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек;
21) Мүгедектерді қорғау күні және халықаралық Қарттар күні қарсаңында жыл сайынғы әлеуметтік көмек:
Алынып тасталды;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, зейнетақы жасына жеткен ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы немесе жәрдемақы алатын азаматтарға, ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, ағымдағы жылы 80 жасқа толған және асқан зейнеткерлерге 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
ағымдағы жылы әлеуметтік көмек алғанына қарамастан, 100 және одан да көп жасқа жеткен зейнеткерлерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
кәмелет жасына толмаған балалары бар мүгедек-әйелдерге және де жеті жасқа дейінгі балалары бар толық мүгедек отбасыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ағымдағы жылы жыл сайынғы әлеуметтік көмек алғанына қарамастан 1, 2 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
22) Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына 10000 (он мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
23) Алынып тасталды;
24) радияциялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдарға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
25) Бөлімде тіркелген және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген тұлғаларға. Кәсіби оқудың (20 оқу күні) бір айлық төлем мөлшері оқитын бір оқушыға бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлемдер оқу мекемесі ұсынған сабаққа нақты қатысу табельдеріне сәйкес төленеді;
26) Алынып тасталды;
27) коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін әлеуметтік көмек түрінде:
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне алдағы айда тұрғын үйді ұстауға төлеуге талап етілген шығындар сомасы мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Газды, шартты отынды (пешпен жылытылатын үйлер үшін) алу үшін төлем өтініш берушінің тіркелген мекенжайы бойынша төленеді;
алдыңғы тоқсанда тағайындалатын тоқсанда бір адамға тұрғын үй көмегін тағайындауды қабылдау кезінде әлеуметтік стандарттар нормаларына сәйкес электрэнергиясының, ыстық және суық судың жалпы сомасы мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлерге;
ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
ҰОС жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына;
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғаларға;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер гетто, және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрын кәмелет жасына толмаған тұтқындарына;
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
жалғыз тұратын жұмысқа жарамсыз қартайған азаматтарға және тұрғын үйдің бір бірлігіне иегер немесе жалға алушы болып табылатын қалада жұмысқа жарамды балалары жоқ отбасы жұптарына (зейнеткерлер, 1, 2 топ мүгедектері мен зейнеткерлер, 1, 2 топтағы мүгедектер). Төлемдер "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің орталығы" мемлекеттік мекемесінің тексеріс актісіне сәйкес есепке қойылған айдан бастап жүргізіледі;
ең төменгі зейнетақы мөлшерін қоса алғанға дейін зейнетақы алатын жасы бойынша зейнеткерлерге төленеді;
28) жеке меншік секторда тұратындарға қатты отын сатып алуға арналған жыл сайынғы әлеуметтік көмек:
жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге немесе зейнеткерлер және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасыларға;
жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздарға: ерлер 58 жас, әйелдер 53 жас немесе жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын туберкулезге қарсы, немесе онкологиялық, немесе наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғаларға;
жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі азық-түлік себеті деңгейінен төмен отбасыларға;
жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі күнкөріс минимум мөлшерінен аспайтын зейнеткерлерден, мүгедектерден тұратын отбасыларға және "жұмыссыз" ретінде есепте тұрған, оның ішінде зейнетақы жасы алдындағы немесе туберкулезге қарсы, немесе онкологиялық, немесе наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғаларға;
ауылдық елді мекендерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына.
Төлем мөлшері бір отбасына алты айлық есеп көрсеткіштерді құрайды. Әлеуметтік көмек екінші жартыжылдықта беріледі.
Алынып тасталды;
29) Павлодар қаласының 30 ардагеріне Астана қаласына экскурсиялық сапарға бір адамға 24500 (жиырма төрт мың бес жүз) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
30) санаторийге мүгедектерді ертіп жүруіне 15 көмекшіге (тұру, тамақтану) төлем үшін 70000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
31) үшем туған әйелдерге 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
32) жасы бойынша зейнеткерлерді шипажайларда сауықтыру үшін 49000 (қырық тоғыз мың) теңге мөлшерінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек;
33) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тексеріс актісіне сәйкес бір жолғы әлеуметтік материалдық көмек:
тұрғылықты жері бойынша жеке секторда жылыту қазандарын алу және орнату үшін 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
тұрғын үйді жөндеуге, нақты шығындар бойынша, бірақ 850 000 (сегіз жүз елу мың) теңгеден аспайтын;
34) спорт шебері атағына ие мүгедек спортсмендерге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Спорт кандидаттары атағына ие мүгедектерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек;
35) мерзімді баспасөз басылымдарына жыл сайынғы жазылу:
ҰОС мүгедектері және қатысушыларына;
Ауғанстанда соғыс қимылдарын жүргізу кезінде қатысқан тұлғаларға;
ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
ҰОС жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне;
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
концлагерлердің бұрын кәмелет жасына толмаған тұтқындарына.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 21.01.2013 N 115/14 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Жиынтық табысына азаматтардың алған табыстары туралы берген мәліметтері негізінде отбасы құрамында жазылған барлық адамдардың табыстары тұрғын-үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік, 18 жасқа дейінге балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыдан басқа тоқсан үшін өтініш жасаған тоқсан алдындағы ақшалай және заттай түрінде нақты алынған барлық кірістер қосылады. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік төлемақыға жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
3. Әлеуметтік көмек Павлодар қаласы бюджетінен ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
4. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімі осы шешімге қосымшаға сәйкес анықталсын.
5. Осы шешімнің іске асырылуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Қайдарова
Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов
Павлодар қалалық мәслихатының
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
N 64/10 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
әлеуметтік көмек сұрап келген тұлғаның өтініші, бұдан әрі – Өтініш беруші;
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
Өтініш берушінің ағымдағы шот ашқандығын растайтын құжаттың көшірмесі;
Өтініш берушінің Павлодар қаласының аумағында тіркелімін растайтын құжат, немесе мекенжай бюросының анықтамасы;
кәмелет жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын Өтініш беруші үшін көрсетілген мәртебесін растайтын құжат көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмекке байланысты Өтініш берушілермен қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
1) жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
азаматтық хал актілерін жазу органдарынан қайтыс болғаны туралы анықтама;
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
қайтыс болған адамның Павлодар қаласының аумағында тіркелімін растайтын құжат;
2) табысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғаларға немесе отбасы жұптарына жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
еңбекақысы туралы анықтама;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын құрамында зейнеткерлер, зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектерден; зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектерден құрамында жұмыссыз ретінде Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар; туберкулезге қарсы диспансерде, немесе онкологиялық, немесе наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар отбасыларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
еңбекақысы туралы анықтама;
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
аурудың емдеуде жүргендігін растайтын сәйкес медициналық мекемеден анықтама;
5) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын, үйде оқытуға арналған жәрдемақыны алмайтын, 18 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедек–балаларды тәрбиелейтін отбасыларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
еңбекақысы туралы анықтама;
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
6) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жедел немесе жоспарлы хирургиярлық операциядан өткен, есептен шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтініш берген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
еңбекақысы туралы анықтама;
сәйкес медициналық мекемеден анықтама;
7) өтініш берушінің отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болатын жүктілігі бойынша (12 аптаға дейін) есепте тұрған жүкті әйелдерге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
еңбекақысы туралы анықтама;
тиісті медициналық мекемеден анықтама;
неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
8) отбасы құрамы және табысы ескермей асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алушылардан басқа, ата–анасы оларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тарту себебі бойынша қамқорлықта жүрген балаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
қамқорлыққа алу туралы шешімнің көшірмесі;
ата–анасы балаларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тартқанын растайтын құжат;
9) отбасы құрамын және табысын ескермей өрт, дүлей апат, қайғылы жағдай, төтенше жағдай салдарынан тіршілік ету мүмкіндігінсіз қалған тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы;
10) отбасы құрамын және табысын ескермей 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен және АҚТЖ жұқтырған, туберкулезге шалдыққан, амбулаторлық емделудегі (емдеу тәртібін бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын, арнайы белсенді ем алатын тұлғаларға жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (3, 4 кезеңдегі және аурудың кезеңінен тәуілсіз IV клиникалық топтағы); қан өндіру және лимфатикалық жүйенің ауруларымен (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар); нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздері бар; аурудың диагнозынан тәуелсіз 18 жасқа дейінгі балаларға, бас дәрігер бекіткен диспансердің анықтамасы негізінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
аурудың емдеуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
11) отбасы құрамын және табысын ескермей туберкулезбен ауыратын тұлғалардың амбулаторлық емделуге арналған жолақысына (диспансердің тізімі бойынша емделу аяқталғаннан кейін) жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
аурудың емдеуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
12) отбасы құрамын және табысын ескермей қаланың емдеу – алдын алу мекемелерінде диспансерлік есепке алудың бірінші тобында туберкулез аурулары ретінде есепте тұрған балалары бар отбасыларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
аурудың емдеуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
13) отбасы құрамын және табысын ескермей көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерге жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
14) отбасы құрамын және табысын ескермей ми бөлігінің зақымдануынан балалардың сал ауруымен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек–балалары бар отбасыларға әлеуметтік сауықтыру және бейімдеуге жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
15) отбасы құрамын және табысын ескермей толық емес жұмыс өтілімен жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын жалғыз тұратын тұлғаларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
16) отбасы құрамын және табысын ескермей аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін мүгедек-спортшыларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
17) 9 Мамыр мерекесін тойлау қарсаңында жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
18) Отан қорғаушылар күніне жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
19) сауықтыру үшін Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысушыларға тоқсан сайын әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
20) дәрі-дәрмек сатып алу үшін ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына ай сайын әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
21) Мүгедектер күні және халықаралық Қарттар күні қарсаңында жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
22) Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
23) 18 жасқа толуына дейін мүгедек балаларды үйде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларға тоқсан сайын әлеуметтік көмек үшін:
психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру қорытындысының көшірмесі;
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
24) радияциялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдарға дәрі-дәрмек сатып алуға тоқсан сайын әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
мүгедектік себебі көрсетілген мүгедектігін растайтын құжат көшірмесі;
25) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге жолақы құнының өтеу түрінде жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
жол жүру билеті;
26) коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайынғы және тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін (екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі тоқсан сайынғы әлеуметтік көмекті есептемегенде):
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
Газды, шартты отынды алуға әлеуметтік көмек көрсету үшін:
Газды, шартты отынды алғандығын растайтын құжат;
27) жеке меншік секторда тұратындарға қатты отын сатып алуға арналған жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
еңбекақысы туралы анықтама;
тұрғын үйге меншік (пайдалану) құқығын растайтын құжат;
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі (зейнеткерлер мен мүгедектер үшін);
білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау және спорт мамандары үшін жұмыс орнынан анықтама;
28) Павлодар қаласының 30 ардагеріне Астана қаласына экскурсиялық сапарға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
жол жүру билеттерінің көшірмелері жол жүргеннен соң бір ай ішінде Бөлімге тапсырылады;
29) санаторийге мүгедектерді ертіп жүруіне 15 көмекшіге (тұру, тамақтану) төлем үшін біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
30) үшем туған әйелдерге бір жолғы әлеуметтік көмек үшін:
балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
31) жасы бойынша зейнеткерлерді шипажайларда сауықтыру үшін жыл сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
32) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғылықты жері бойынша жеке секторда жылыту қазандарын алу және орнату үшін бір жолғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
қызметтерді көрсету, жұмыстарды атқару шартының көшірмесі;
33) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
қызметтерді көрсету, жұмыстарды атқару шартының көшірмесі;
атқарылған жұмыстар актісінің көшірмесі.
34) спорт шебері атағына ие мүгедек спортсмендерге ай сайынғы әлеуметтік көмек үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
35) мерзімді баспасөз басылымдарына жыл сайынғы жазылу үшін:
зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
жазылуға нақты шығындарды растайтын құжат.