Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 64/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қаңтардағы N 115/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпанда N 3419 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы N 156/20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 13.06.2013 N 156/20 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 64/10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 қазандағы N 3233 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 қазандағы, 2012 жылғы 22 қазандағы "Версия" газетінің N 41, 42 және 2012 жылғы 19 қазандағы, 2012 жылғы 29 қазандағы "Шаhар" газетінің N 39, 40 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 5), 8), 15), 23), 26) тармақшалары алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      17-тармақшаның екінші абзацындағы "67000 (алпыс жеті мың) теңге" сөздері "68000 (алпыс сегіз мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақшаның бірінші абзацындағы "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің мамандарымен қызмет көрсетілетін жалғыз тұратын зейнеткерлерге телефон орнату үшін нақты шығындар бойынша, бірақ 13000 (он үш мың) теңгеден аспайтын;" сөздері алынып тасталсын;
      21-тармақшаның екінші, бесінші абзацтарындағы "1000 (бір мың) теңге" сөздері "2000 (екі мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28-тармақшаның жетінші абзацындағы "Еңбек ресурстарының мобильдігін жоғарлату" бағытын іске асыру бойынша 2020 еңбекті қамту бағдарламасына қатысушыларға төлем мөлшері бір отбасыға он бес айлық есептік көрсеткіштерін құрайды. Әлеуметтік көмек екінші жарты жылдықта беріледі;" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады