Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 03.11.2017 № 143/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 14.04.2016 N 15/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 16.04.2014 N 218/30 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жылу маусымында отын сатып алу үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік қөмек тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 16.04.2014 N 218/30 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 14.04.2016 N 15/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Рубцов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |