Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 143/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қарашада № 5695 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 362/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 06.11.2019 № 362/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдиниет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына тиісті жылдың жылу маусымына отын сатып алу үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Ақсу қалалық мәслихаты шешімдерінің күші, қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
(VI сайланған XVII кезектен тыс
сессия) 2017 жылғы 3
қарашадағы № 143/17 шешіміне
қосымша

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3330 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтарда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі "Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 218/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3800 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 15/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады