Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы 8-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" N 320 қаулысының 5-тармағы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы Екібастұз қаласында ауыл мектептерінің жанындағы интернаттарды тұрып жатқан балалардың тамақтануына ата-аналардың шығындары толық көлемде өтелсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтемақыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк