2012 жылы Екібастұз қаласында балалардың тамақтануына шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 07 қыркүйектегі N 993/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 02 қазанда N 3231 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 24/1-23/88 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы 8-бабының 4-тармағына   сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" N 320 қаулысының 5-тармағы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы Екібастұз қаласында ауыл мектептерінің жанындағы интернаттарды тұрып жатқан балалардың тамақтануына ата-аналардың шығындары толық көлемде өтелсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтемақыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады