Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 04.09.2013 N 372/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерге жұмыспен қамтылуға қолғабыс көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсін.
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасарына (Қ. Б. Қималиденов) жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. Б. Аужанов