Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 01 маусымдағы N 209/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 маусымда N 12-6-145 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 04 қыркүйектегі N 372/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 04.09.2013 N 372/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабының   1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)-тармақшасына   сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданының ұйымдарындағы, меншік нысанына байланыссыз, жұмыс орындарының жалпы санының он пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Железин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 216/7 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 12-6-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 тамыздағы N 31 "Родные просторы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасарына (Қ.Б. Қималиденов) жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        Б. Аужанов

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 01 июня 2012 года N 209/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 14 июня 2012 года N 12-6-145. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 04 сентября 2013 года N 372/8

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 04.09.2013 N 372/8.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 21 Трудового кодекса Республики Казахстан, подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях оказания содействия в трудоустройстве лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, акимат Железинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере десяти процентов от общей численности рабочих мест в организациях Железинского района, независимо от форм собственности.
      2. Постановление акимата Железинского района от 7 июля 2011 года N 216/7 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-6-114, опубликованное 6 августа 2011 года в газете "Родные просторы" N 31) признать утратившим силу.
      3. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района по социальным вопросам (Кималиденов К.Б.).
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. акима района                          Б. Аужанов