Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 04.09.2013 N 372/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)-тармақшасына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданының ұйымдарындағы, меншік нысанына байланыссыз, жұмыс орындарының жалпы санының он пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Железин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 216/7 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 12-6-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 тамыздағы N 31 "Родные просторы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасарына (Қ.Б. Қималиденов) жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. Б. Аужанов