Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 14.06.2013 N 130-5/15 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Железинка аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 11 қазандағы N 225-4/28 "Железинка ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызмет пен байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-97 тіркелген, 2010 жылғы 30 қазандағы ауданның "Родные просторы" газетінің N 44 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген, Железинка ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызмет пен байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің қағидасының, 3.1-тармақта:
екінші абзацта "10 (он)" деген сөздер "7 (жеті)" деген сөздерімен ауыстырылсын:
үшінші абзацта "5 (бес)" деген сөздер "7 (жеті)" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железинка аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы Т. Сагандыков
Железинка аудандық
мәслихатының хатшысы В. Крутиков