Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2013 жылға әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 67-5/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 қаңтарда N 3323 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 21.01.2015 № 1-35-15/19 хаты).
     Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
     Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
     "салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер алынып тасталды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
     "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімінің немесе екінші деңгейлі банктердің" деген сөздер "екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ;
      1. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Железинка ауданында тұрақты тұратын оралмандарға беріледі (бұдан әрі – азаматтар):
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда:
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;
      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға тікелей қатысқан адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар;
      1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.
      5) зейнет жасына жеткен тұлғалар, соның ішінде:
      жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт адамдар;
      6) мүгедектер, атап айтқанда:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      1 топтағы мүгедектер;
      7) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалы аз қамтамасыз етілген аналар;
      8) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және жетім балалар, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:
      "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар (бұдан әрі – уәкілетті орган);
      бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар:
      қиын өмірлік жағдайға түскен азаматтар, атап айтқанда созылмалы (1 айдан аса) ауру;
      аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 12 аптаға дейінгі жүктілікпен есепке тұрған жүкті әйелдер;
      10) әлеуметтік маңызы бар науқас азаматтар:
      онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Қиын өмірлік жағдай туындауы кезіндегі әлеуметтік көмек мөлшерін, жағдайдың шешілуінің қиындығы мен туындаған жағдайдан шығуға қажетті шығындарға байланысты комиссия анықтайды. Комиссия мөлшерді анықтау кезінде отбасының (азаматтың) материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы актіні және отбасының (азаматтың) құрамын және кірісін, жұмсалған шығынын не қаражаттың қажеттілігін растайтын құжат болуын ескереді.
      3. Уәкілетті орган көрсетілген белгілі және мерекелі күндері келесі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 75000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде – "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Железин филиалының Железин аудандық бөлімінің (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) тізімі негізінде;
      1-тармақтың 2) тармақшаның бірінші абзацында, 3) тармақшаның бірінші абзацында, 4) тармақшаның екіншіүшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушыларының ішінен 1-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      Қарт адам күніне орай:
      1-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      мүгедектер күніне орай:
      1-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай:
      1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында (Ауғанстандағы ұрыс-қимылдарға қатысушылар ғана), 1-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апат күніне орай:
      1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында, 1-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде – уәкілетті орган тізімінің негізінде.
     Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Кірісін ескермеусіз біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жазушылардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мәрзімді баспа басылымдарына жазылуға әлеуметтік көмек 5100 (бес мың жүз) теңгеден аспайды - өтініш негізінде.
      2) 1-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (облыстық бюджет қаражатынан санаторлы-курорттық емді алуға құқығы бар азаматтарды қоспағанда) санаторлы-курорттық емделуді алуға әлеуметтік көмек 70000 (жетпіс мың) теңгеге дейінгі мөлшерде – жеке сәйкестендіру нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындыны, санаторлы-курорттық картаның көшірмелері, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы;
      3) 1-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Ішкі істер департаменті Железин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізім негізінде;
      4) 1-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке сәйкестендіру нөмірі, науқастықты дәлелдейтін анықтамалар, жеке куәлік көшірмелері, азаматтардың тіркеу кітабы және мекен-жай анықтама бюросының анықтамасы негізінде;
      5) 1-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізім негізінде.
      5. Кірісті ескере отырып біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген әрбір жанның кірісі облыс бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын санаттар үшін 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, медициналық мекеме анықтамасы, жеке куәлік көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабы және мекен-жай анықтама бюросының анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің кіріс туралы анықтамалар негізінде;
      2) 1-тармақтың 9-тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін әрбір жанның кірісі облыс бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке шаруашылықты дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамту үшін материалдық көмек 100000 (жүз мың теңге), жем шөп алу үшін 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде (ауылшарушылық жануарларын алу фактісі бойынша) – екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, жеке сәйкестендіру нөмірі, көшірмелері, селолық округ әкімінен берілген азаматтарды тіркеу кітабы, өтініш берушінің өмір сүруінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, селолық округ әкімінің өтініші, уәкілетті органдармен берілген жұмыссыздықты дәлелдейтін анықтамалар, селолық округ әкімімен, уәкілетті органның бастығымен және материалдық көмек алушымен қол қойылған мал, жем-шөп, алуға және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға үш жақты келісім.
     Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Кірісін ескермеусіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсыналады:
      1) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге (тұрғын үй көмегін алушыларды қоспағанда):
      1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 7,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде–уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімнің негізінде;
      1-тармағының 4) тармақшасының біріншіекіншітөртіншіабзацтарында, 3) тармақшасының бірінші абзацында, 2) тармақшасының біріншіекіншіүшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 3, 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде-уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      1-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімнің негізінде;
      2) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін автокөлікпен облыс орталығына дейін және тұрғылықты орнына жеткенге дейінгі жолақысының нақты құны мөлшерінде төлеу;
      3) 1-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін Қазақстан Республикасының аумағы ішінде емделу үшін және қаралу үшін бірге жүрушілердің автокөлік (таксиден басқа), темір жол көлігімен, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, жеке сәйкестендіру нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық анықтама, медициналық мекеменің жолдамасы, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртектер негізінде 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспауы тиіс.
      7. Кірісін ескермеусіз ай сайынғы көмек:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға дәрі алу үшін әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – уәкілетті ұйымның берген тізімі негізінде;
      2) 1-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделуге дейінгі тамақтану үшін 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен берілген тізім негізінде;
      3) 1-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін амбулаториялық емделу үшін медициналық мекемеге жеткенге дейін жол ақысын төлеуге 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – "Железин туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен берілген тізім негізінде;
      4) 1-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін Қазақстан Республикасының аумағы ішінде емделу үшін және қаралу үшін бірге жүрушілердің (санаториялық-курорттық емделуді қосқанда) автокөлік (таксиден басқа), темір жол көлігімен, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, жеке сәйкестендіру нөмірі, азаматтардың тіркелу кітабы, медициналық анықтама, медициналық мекеменің жолдамасы, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртегі негізінде 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде аспауы тиіс.
      5) 1-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңіне 10000 (он мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, азаматтардың тіркелу кітабы немесе мекен-жай анықтама бюросынан анықтаманың көшірмелері негізінде.
     Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 18.04.2013 N 107-5/14 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Кірісін ескере отырып ай сайынғы көмек:
      1) 1-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жан басына шаққандағы кірісі облыс бойынша белгіленген күн көріс мөлшерінен аспайтын (тиісті жылдың 2 тоқсаны) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балалардың ішінен, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мемлекеттік білім беру грантына үміткер болуға конкурстан өтпегендер) жоғарғы оқу орындарында, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, көрсетілген өтініштің негізінде, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы, Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орнының және студенттің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшарт. Сонымен қатар жоғары оқу орнында оқу кезеңіне тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне жол жүру үшін әлеуметтік көмек 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерде беріледі.
      2) 1-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жан басына шаққандағы орташа табысы облыспен белгіленген күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайты 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, жеке сәйкестендіру нөмірі, мекен-жай анықтама бюросынан анықтама, барлық отбасы мүшелерінің табысы жөнінде анықтама негізінде.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Железинка аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы
      Железинка аудандық
      Мәслихатының хатшысы

Ж. Балтабаев
 
В. Крутиков

О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района на 2013 год

Решение маслихата Железинского района Павлодарской области от 12 декабря 2012 года N 67-5/9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 09 января 2013 года N 3323

     Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Железинского района Павлодарской области от 21.01.2015 № 1-35-15/19).
     Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
     Сноска. По всему тексту:
     слова "регистрационного номера налогоплательщика," исключены решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
     слова "в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня," заменены словами "в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций" решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 20 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" от 28 апреля 1995 года, подпунктом 3) пункта 2 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" от 13 апреля 2005 года, со Стандартом государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 и в целях оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, Железинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Социальная помощь предоставляется следующим категориям граждан Республики Казахстан, оралманам, постоянно проживающим на территории Железинского района (далее – граждане):
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны;
      2) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, а именно:
      бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
      участники боевых действий на территории других государств, а именно:
      военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;
      лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах;
      3) лица, приравненные по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны, а именно:
      военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;
      4) другие категории лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, а именно:
      семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия;
      жены (мужья) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также жены (мужья) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), не вступившие в повторный брак;
      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица, проработавшие (прослужившие) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
      лица, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;
      5) лица, достигшие пенсионного возраста, в том числе:
      одинокие и одиноко проживающие престарелые граждане;
      6) инвалиды, а именно:
      дети инвалиды до 18 лет;
      инвалиды 1 группы;
      7) малообеспеченные многодетные матери, имеющие четырех и более несовершеннолетних детей;
      8) студенты из малообеспеченных семей и детей сирот, оставшихся без попечения родителей;
      9) малообеспеченные граждане, а именно:
      безработные граждане, состоящие на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Железинского района" (далее - уполномоченный орган);
      лица, освободившиеся из мест лишения свободы;
      граждане, попавшие в трудную жизненную ситуацию, а именно длительная (более 1 месяца) болезнь;
      беременные женщины из малообеспеченных семей, вставшие на учет в сроке беременности до 12 недель;
      10) граждане, имеющие социально значимые заболевания, а именно:
      лица, страдающие онкологическим заболеванием;
      лица, страдающие туберкулезным заболеванием;
      лица, страдающие заболеванием вирус иммунодефицита человека.
     Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Размер социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации определяет комиссия в зависимости от сложности и затрат, необходимых для выхода из сложившейся ситуации. При определении размера комиссия учитывает акт материально-бытового положения семьи (гражданина), состава и дохода семьи (гражданина), документов, подтверждающих произведенные расходы или потребности в средствах.
      3. Уполномоченный орган оказывает единовременную социальную помощь к указанным памятным и праздничным датам в следующих размерах:
      ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      для категории, указанной в подпункте 1) пункта 1 в размере 75000 (семьдесят пять тысяч) тенге - на основании списка Железинского районного отделения Павлодарского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее - уполномоченная организация);
      для категории, указанных в абзаце один подпункта 2), в абзаце один подпункта 3), в абзацах дватри подпункта 4) пункта 1 в размере 3000 (три тысячи) тенге - на основании списка уполномоченной организации;
      к Международному женскому Дню 8 марта:
      для категории, указанной в подпункте 7) пункта 1 из числа получателей государственной адресной социальной помощи и государственных пособий в размере 4000 (четыре тысячи) тенге – на основании списка уполномоченной организации;
      ко Дню пожилого человека:
      для категории, указанной в абзаце первом подпункта 5) пункта 1 в размере 2000 (две тысячи) тенге – на основании списка уполномоченной организации;
      ко Дню инвалида:
      для категории, указанной в абзаце первом подпункта 6) пункта 1 в размере 4000 (четыре тысячи) тенге на - основании списка уполномоченной организации;
      ко Дню вывода войск из Афганистана:
      для категории, указанных в абзаце втором подпункта 2) пункта 1 (только участники боевых действий в Афганистане), в абзаце первом подпункта 4) пункта 1 в размере 6000 (шесть тысяч) тенге – на основании списка уполномоченной организации;
      ко Дню аварии на Чернобыльской атомной электростанции:
      для категории, указанных в абзаце третьем подпункта 2) пункта 1, в абзаце четвертом подпункта 4) пункта 1 в размере 6000 (шесть тысяч) тенге - на основании списка уполномоченной организации.
     Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Единовременная социальная помощь без учета доходов предоставляется:
      1) для категории, указанной в подпункте 1) пункта 1 социальная помощь на подписку на периодические печатные издания на государственном или русском языках по выбору подписчиков на сумму не более 5100 (пять тысяч сто) тенге – на основании заявления;
      2) для категории, указанной в подпункте 5) пункта 1 (за исключением граждан, имеющих право на получение санаторно-курортного лечения из средств областного бюджета), социальная помощь на получение санаторно-курортного лечения в размере до 70000 (семьдесят тысяч) тенге - на основании заявления с указанием индивидуального идентификационного номера, номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, медицинского заключения о необходимости оздоровления, копии санаторно-курортной карты, удостоверения личности, книги регистрации граждан или справка адресно-справочного бюро;
      3) для категории, указанной в абзаце втором подпункта 9) пункта 1 в размере 5 месячных расчетных показателей - на основании списка, предоставляемого государственным учреждением "Отдел внутренних дел Железинского района Департамента внутренних дел Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан";
      4) для категории, указанной в абзаце первом подпункта 10) пункта 1 в размере 10 месячных расчетных показателей – на основании заявления с указанием номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, и индивидуального идентификационного номера, справки подтверждающей болезнь, копии удостоверения личности, книги регистрации граждан или справки адресно-справочного бюро;
      5) для категории, указанной в абзаце третьем подпункта 10) пункта 1 в размере 7 месячных расчетных показателей – на основании списка предоставляемого коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Железинская центральная районная больница".
      5. Единовременная социальная помощь с учетом дохода предоставляется:
      1) для категории, указанной в абзаце четвертом подпункта 9) пункта 1 среднедушевой доход которых не превышает размера установленной по области величины прожиточного минимума, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге – на основании заявления с указанием индивидуального идентификационного номера, номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, справки медицинского учреждения о наличии беременности, копии удостоверения личности, книги регистрации граждан или справки адресно-справочного бюро, справки о доходах всех членов семьи;
      2) для категории, указанной в абзаце первом подпункта 9) пункта 1 среднедушевой доход которых не превышает размера установленной по области величины прожиточного минимума, материальная помощь для развития личного подворья и самостоятельной занятости -100000 (сто тысяч) тенге, на приобретение кормов - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге (по факту приобретения сельскохозяйственных животных) на основании заявления с указанием номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, копии удостоверения личности, индивидуального идентификационного номера, книги регистрации граждан, акта обследования материально-бытовых условий проживания заявителя, выданного акимом сельского округа, ходатайства акима сельского округа, справки, подтверждающей статус безработного, выдаваемой уполномоченным органом, трехстороннего соглашения на приобретение живности, кормов и на развитие самостоятельной занятости, подписанного акимом сельского округа, начальником уполномоченного органа и получателем материальной помощи.
     Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Ежеквартальная социальная помощь без учета доходов предоставляется:
      1) на возмещение жилищно–коммунальных услуг (за исключением получателей жилищной помощи):
      для категории, указанной в подпункте 1) пункта 1 в размере 7,5 месячных расчетных показателей - на основании списка предоставляемого уполномоченной организацией;
      для категорий, указанных в абзацах одиндватри подпункта 2), в абзаце один подпункта 3), в абзацах одиндвачетыре подпункта 4) пункта 1 в размере 3,6 месячных расчетных показателей – на основании списка предоставляемого уполномоченной организацией;
      для категории, указанной в абзаце первом подпункта 5) пункта 1 в размере 2 месячных расчетных показателей – на основании списка уполномоченной организацией;
      2) для категории, указанной в подпункте 1) пункта 1 на возмещение затрат за проезд на автомобильном транспорте до областного центра и обратно к месту проживания в размере фактической стоимости проезда;
      3) для категории, указанной в абзаце первом подпункта 6) пункта 1 и лиц, сопровождающих их на обследование и лечение в пределах Республики Казахстан на автомобильном (кроме такси) и железнодорожном транспорте, с предоставлением заявления с указанием номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, копии удостоверения личности, индивидуального идентификационного номера, книги регистрации граждан, справки медико-социальной экспертизы, направления медицинского учреждения, квитанций, подтверждающих расходы за проживание, проездных билетов до пункта назначения и обратно к месту проживания, но не более 40 месячных расчетных показателей.
      7. Ежемесячная помощь без учета доходов:
      1) для категории, указанной в подпункте 1) пункта 1 в размере 1 месячного расчетного показателя социальная помощь на приобретение лекарств - на основании списка, предоставляемого уполномоченной организацией;
      2) для категории, указанной в абзаце втором подпункта 10) пункта 1 в размере 6 месячных расчетных показателей на питание в период амбулаторного лечения – на основании списка, предоставляемого коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Железинская центральная районная больница";
      3) для категории, указанной в абзаце втором подпункта 10) пункта 1 в размере 1 месячного расчетного показателя на проезд в медицинское учреждение в период амбулаторного лечения – на основании списка, предоставляемого государственным учреждением "Железинская противотуберкулезная больница";
      4) для категории, указанной в абзаце втором подпункта 6) пункта 1 и лиц, сопровождающих их на обследование и лечение (включая санаторно-курортное лечение) в пределах Республики Казахстан на автомобильном (кроме такси) и железнодорожном транспорте с предоставлением заявления с указанием номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, копии удостоверения личности, индивидуального идентификационного номера, книги регистрации граждан, справки медико-социальной экспертизы, справки-подтверждения медицинского учреждения о получении курса лечения, до пункта назначения и обратно к месту проживания в размере 10 месячных расчетных показателей;
      5) для категории, указанной в абзаце первом подпункта 9) пункта 1 ежемесячная материальная помощь на период обучения в размере 10000 (десять тысяч) тенге – на основании заявления с указанием индивидуального идентификационного номера, номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, копии удостоверения личности, книги регистрации граждан или справки адресно-справочного бюро.
     Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным решением маслихата Железинского района Павлодарской области от 18.04.2013 N 107-5/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Ежемесячная помощь с учетом доходов:
      1) для категории, указанной в подпункте 8) пункта 1 из числа детей из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает размера установленной по области величины прожиточного минимума (2 квартал соответствующего года), детей сирот, оставшихся без попечения родителей (не прошедших конкурс на обладание государственным образовательным грантом) в размере фактической стоимости обучения в высших учебных заведениях – на основании заявления с указанием номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, индивидуального идентификационного номера, копии удостоверения личности, книги регистрации граждан или справки адресно-справочного бюро, трехсторонний договора на оказание образовательных услуг, подписанного акимом Железинского района, руководителем высшего учебного заведения и студентом. В период обучения в высших учебных заведениях также предоставляется социальная помощь на проживание, питание и проезд к месту жительства в размере 15235 (пятнадцать тысяч двести тридцать пять) тенге.
      2) для категории, указанной в абзаце третьем подпункта 9) пункта 1 среднедушевой доход которых не превышает размера установленной по области величины прожиточного минимума в размере 5 месячных расчетных показателей - на основании заявления с указанием индивидуального идентификационного номера, номера лицевого счета в банках второго уровня, а также в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление отдельных видов банковских операций, справки медицинского учреждения, копии удостоверения личности, книги регистрации граждан или справки адресно-справочного бюро, справки о доходах всех членов семьи.
      9. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию социально-экономического развития и бюджета районного маслихата.
      10. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии Железинского
      районного маслихата
      Секретарь Железинского
      районного маслихата

Ж. Балтабаев
 
В. Крутиков