Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 67-5/9 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 сәуірдегі N 107-5/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 мамырда N 3528 болып тіркелді

     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 21.01.2015 № 1-35-15/19 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 67-5/9 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 9 қатарда N 3323 тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда "Родные просторы" газетінің N 3, 2013 жылғы 19 қаңтарда "Туған өлке" газетінің N 3 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бүкіл мәтін бойынша "салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер алынып тасталсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімінің немесе екінші деңгейлі банктердің" деген сөздер "екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тақырыбында "санаттарына" деген сөзден кейін "2013 жылға" деген сөз және цифрлармен толықтырылсын;
      1-тармақтың 5) тармақшасында "атап айтқанда" деген сөздер "соның ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "10000 (он мың)" деген сөздер "75000 (жетпіс бес мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 1) тармақшасында "10000 (он мың)" деген сөздер "30000 (отыз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын "5) 1-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңіне 10000 (он мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, азаматтардың тіркелу кітабы немесе мекен-жай анықтама бюросынан анықтаманың көшірмелері негізінде.".
      2. Железинка аудандық мәслихатының бұрын қабылданған 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 104-5/13 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешімі алып тасталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Железинка аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы
      Железинка аудандық
      мәслихатының хатшысы

С. Қаңтарбаев
 
В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады