Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы N 224/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 маусымда N 12-8-129 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 04 қыркүйектегі N 298/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 04.09.2013 N 298/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы "Еңбек кодексі" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6)тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көретін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына байланыссыз Качир ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е Біләлеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Күлжан

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Качирского района Павлодарской области от 14 июня 2012 года N 224/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 21 июня 2012 года N 12-8-129. Утратило силу постановлением акимата Качирского района Павлодарской области от 04 сентября 2013 года N 298/8

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Качирского района Павлодарской области от 04.09.2013 N 298/8.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктами 5-5)5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организации, испытывающих трудности в трудоустройстве акимат Качирского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест на предприятиях и в организациях Качирского района, независимо от форм собственности.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Качирского района" обеспечить содействие в трудоустройстве на квотируемые рабочие места путем выдачи соответствующих направлений работодателям.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Белялеву Г.Е.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Н. Күлжан