Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 04.09.2013 N 298/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы "Еңбек кодексі" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6)тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көретін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысандарына байланыссыз Качир ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е Біләлеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Күлжан