Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 18.06.2013 N 190/41 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Лебяжі ауданының ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік қызметті уақытында және сапалы көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Байжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Құрманова
Павлодар облысы Лебяжі ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы
N 140/17 қаулысымен
бекітілген
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) осы регламенттің (бұдан әрi - регламент) 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайы бойынша "Лебяжі ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, кентінің, ауылдары мен селолық округтер әкімдерінің аппараттарының (бұдан әрi - ЖАО) ветеринарлық дәрiгерлерімен (бұдан әрi - ветдәрiгер) ұсынылады.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысына (бұдан әрі – стандарт) өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" N 464 қаулысына сәйкес көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жануарға ветеринариялық паспортты (жануардың ветеринариялық паспортының түпнұсқасы, жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) (бұдан әрі – паспорт) беру немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі:
1) жануарға жеке нөмір берілген сәттен немесе оны беруден бас тартудан бастап жануарға ветеринариялық паспорты (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi беру) беру мерзiмi - 3 (үш) жұмыс күні iшiнде;
2) жануар иесi жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтiнiш берген күнiнен бастап жануарға ветеринариялық паспорттың түпнұсқасын беру мерзімі - 10 (он) жұмыс күн iшiнде;
3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
4) мемлекеттiк қызметтi алушыға ең жоғары рұқсат етiлетiн қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге кресло қойылады, құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оны толтыру үлгілерімен стендтермен жабдықталған).
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтын құжатты бередi. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болуы қажет.
Ветеринариялық паспорттың түпнұсқасын және (ветеринариялық паспорттан үзiндiні) алу үшiн тұтынушы:
1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш;
2) жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса бередi.
11. Тұтынушы жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекен-жайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне жүгiнедi.
Жануарға ветеринариялық паспорттың түпнұсқасын (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) алу үшiн тұтынушы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекен-жайлар бойынша ЖАО-на өтiнiш жасайды.
Жануарға ветеринариялық паспорттың түпнұсқасын (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) алу үшін жүгінген кезде тұтынушының өтініші тіркеу журналында тіркеледі және тұтынушы мемлекеттік қызметті алған күні мен уақыт, мерзімі мен орнын көрсетілген талон беріледі.
12. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың түпнұсқасы, жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) жануар иесiнiң жеке өзi не оның өкiлi келген кезде берiледi.
13. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға жануарға берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болмауы негiз болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіндегi
iс-әрекеттер (өзара әрекет) тәртiбi
14. Құжаттарды қабылдауды осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО-ының ветдәрігерлері жүргізеді.
15. Мемлекеттiк қызмет тұтынушысының өтiнiшi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу журналында, тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күні көрсетiлiп тiркеледi.
16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi – ҚФБ) қатысады:
осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО ветеринариялық дәрігерлері.
17. Әр әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнде (рәсiмдерiнде) өзара әрекеттестiктiң кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамалары осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.
18. Мемлекеттiк қызмет көрсету және ҚФБ үдерісiндегi әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық кезектiлiгi арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба осы регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапты болады.
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік қызмет регламенті
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету
кезіндегі уәкілетті органдардың тізімі
N р/с | Жергілікті атқарушы органның атауы | Орналасқан мекенжайы | Байланыс деректері |
---|---|---|---|
1 |
ММ "Лебяжі ауданы ветеринария бөлімі" |
Аққу ауылы, Баймолдин кошесі, 4 |
(871839)21503 |
2 |
ММ "Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Баймолдин ауылы, Баймолдин көшесі, 2 |
(871842) 22-3-90 |
3 |
ММ "Қазы ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Қазы ауылы, Гаражная көшесі, 1 |
(871839)41095 |
4 |
ММ "Ямышев ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Ямышев ауылы, Мира көшесі, 1 |
(871839)40799 |
5 |
ММ "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Жамбыл ауылы, Береговая көшесі, 6 |
(871839)41501 |
6 |
ММ "Лебяжі ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 4 |
(871839)21341 |
7 |
ММ "Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Черное ауылы, Апсалықов көшесі, 3 |
(871839)25309 |
8 |
ММ "Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Майқарагай, Ленин көшесі, 10 |
(871839)28416 |
9 |
ММ "Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Малыбай ауылы, Мира көшесі, 13 |
(871839)27222 |
10 |
ММ "Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Шарбақты ауылы, Достық көшесі, 2 |
(871839) 24300 |
11 |
ММ "Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Қызылағаш ауылы, А. Құсайынов көшесі, 28 |
(871839)41462 |
12 |
ММ "Шақа ауылдық округі әкімінің аппараты" |
Шақа ауылы, Клубная көшесі, 1 |
(871842)23202 |
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік қызмет регламенті
2-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетiне сипаттама
Тұтынушы өтінген жағдайда жануарға ветеринариялық паспорт (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) беру
1 | Әрекет N(барысы, жұмыс ағымы) | 1 | 2 | 3 |
---|---|---|---|---|
2 |
ҚФБ атауы |
ЖАО ветдәрігері |
ЖАО ветдәрігері |
ЖАО ветдәрігері |
3 |
Әрекет (процесс, рәсім, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы |
Регламенттің 10-тармағында көретілген тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу және өтінішті тексеру |
Жануарға ветеринариялық паспортты (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) дайындау |
Жануарға ветеринариялық паспорт (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) беру журналына тіркеу. Тұтынушыға дайын құжатты беруге дайындау |
4 |
Аяқталу нысаны (мәлiметтер,құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмдер) |
Құжаттарды қабылдау |
Жануарға ветеринариялық паспорт (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) қол қою |
Тұтынушыға дайын құжатты беру |
5 |
Орындау мерзiмi |
30 минуттан аспайды |
1 жұмыс күні |
40 минуттан аспайды |
2-кесте. ҚФБ әрекетiне сипаттама
Жануардың ветеринариялық паспортының түпнұсқасын алуға тұтынушы өтінген жағдайда
1 | Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) | 1 | 2 | 3 |
---|---|---|---|---|
2 |
ҚФБ атауы |
ЖАО ветдәрігері |
ЖАО ветдәрігері |
ЖАО ветдәрігері |
3 |
Әрекет (процесс, рәсім, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы |
Регламенттің 10-тармағында көретілген тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу және өтінішті тексеру |
Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарастыру |
Жануарға ветеринариялық паспорт беру журналына тіркеу. Тұтынушыға дайын құжатты беруге дайындау |
4 |
Аяқталу нысаны (мәлiметтер,құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмдер) |
Құжаттарды қабылдау |
Жануардың ветеринариялық паспортының түпнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою |
Тұтынушыға дайын құжатты беру |
5 |
Орындау мерзiмi |
30 минуттан аспайды |
8 жұмыс күні |
40 минуттан аспайды |
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік қызмет регламенті
3-қосымша
ЖАО-ға өтініш білдіргенде мемлекеттік қызметті ұсыну 1-сызбасы
Жануарға ветеринариялық паспорт беру жануардың (ветеринариялық паспортынан үзiндi) беру
ЖАО-ға өтініш білдіргенде мемлекеттік қызметті ұсыну 2-сызбасы
Жануардың ветеринариялық паспортының түпнұсқасы