Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес Успен селолық округі Успен селосының Петровский көшесі тұрғындарының пікірімен санаса отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Успен селолық округі Успен селосының Петровский көшесі Геринг көшесі атауын өзгертілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Саламацкий