Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабы және 7-бабының 5-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралары туралы" N 836 қаулысына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтың арасынан жұмыссыздарды алты ай мерзіміне жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Аймақтық еңбек нарығының сұранысына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін (келісім бойынша).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Смағұлов
Шарбақты ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы
N 57/1 қаулысымен
бекітілді
Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша шараларға арналған әлеуметтік
жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесі
N р/с | Жұмыс берушілердің атауы | Мамандықтың, кәсіптің атауы | Ұйымдастырылатын жұмыс орындары саны | Айлық жалақы мөлшері теңге | Бюджет есебінен мөлшері теңге | Ай бойынша жұмыстың ұзақтығы |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
"Шарбақты Құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі слесарь |
1 |
17439 |
8719,5 |
6 |
күзетші |
1 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
әр түрлі жұмыстағы адам |
2 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
2 |
"Сейтахметов К.Т." жеке кәсіпкер |
асханалық жұмысшы |
1 |
17439 |
8719,5 |
6 |
асханалық жұмысшы |
1 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
3 |
"Абай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
агроном |
1 |
17439 |
8719,5 |
6 |
зоотехник |
1 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
нан пісіруші |
2 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
құрылысшы |
2 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
әр түрлі жұмыстағы адам |
4 |
17439 |
8719,5 |
6 |
||
4 |
"Қалтаев" шаруа қожалығы |
сауыншы |
3 |
17439 |
8719,5 |
6 |
барлығы |
19 |