Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 12.12.2012 № 85 шешімімен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 07 желтоқсандағы XXXXX сессиясының «2012 жылға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркін пайдалануға төлемақы ставкаларын бекіту туралы» № 492 (2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 912 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 159 (4561) санында және 2011 жылғы 31 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 161 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында:
«Төлемақы ставкалары» бағаны мынадай редакцияда мазмұндалсын:
Төлемақы ставкалары
0
0
0
0.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т.Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
ІІІ сессиясының төрағасы Х. Берғаріпов
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев