2012 жылға арналған "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 492 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 912 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012.12.12 № 85 шешімімен (01.01.2013 бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексі 510 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылға арналған "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 380 "2011 жылға арналған "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 870 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 2 және "Вечерний Алматы" газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 3 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
      5. Осы шешім 2012 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХХХХХ сессиясының төрағасы                  Д. Петрухин

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                                     Т. Мұқашев

IV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
XXXXX сессиясының
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 492 шешіміне қосымша

2012 жылға арналған
"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің
ерекше қорғалатын табиғи аумағын (ЕҚТА)
пайдалану үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2012.02.29 № 8 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлем ставкасы


Туристік және рекреациялық мақсаттарда:

1.

Жеңіл автокөлік

теңге/автомашина

0

2.

Жүк автокөлігі және автобустар

теңге/автомашина

0

3.

Автобус бағыттарынан түсімдер

теңге/жыл

0

4.

ЕҚТП аумағында жұмыс істейтін көлік иелерінің автокөлігі

теңге/жыл

0

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХХХХХ сессиясының төрағасы                  Д. Петрухин

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                                     Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады