"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15-бабы 3) және 11) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 Қаулысымен бекітілген Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар қоса берілген Жоспарға сәйкес іске асырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің қадағалаушы орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Біләлов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы |
Б.Қадырханов |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің директоры |
А. Жанкин |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы |
Ж. Бәшіров |
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамыр № 149 қаулысына қосымша |
2012 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с № | Іс-шаралар | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі |
1 | Өрт-химиялық станциялар, өртке қарсы жасақтар, тірек пункттері қажетті персоналмен, өртке қарсы керек-жарақпен, техникамен, жанар-жағармай материалдары қорымен толықтырылуын қамтамасыз ету | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Тұрақты |
2 | Ормандағы өрттерді байқау және сөндіру құралдарының толығымен дайын болуын қамтамасыз ету | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Тұрақты |
3 | Өрт қаупі кезеңінде мемлекеттік орман мекемелері мен "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өңірлік бөлімшелерінің дайындығына ұдайы тексеріс жүргізу | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Тұрақты |
4 | Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі шараларын түсіндіре отырып, ормандағы өрттердің алдын алу жөніндегі ақпаратты кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Тұрақты |
5 | Барлық өрт қаупі кезеңінде мемлекеттік орман мекемелерінде техникалық құралдардың орманды өрттен қорғауға байланысты жұмыстарға пайдаланылуын қамтамасыз ету | "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Өрт қаупі маусымының аяқталуына дейін |
6 | Өрт қаупі жоғары болатын кезеңде көлік құралдарының кіруін, табиғат ескерткіштері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қылқанды екпелерге жеке тұлғалардың баруын шектеу, кіретін жерлерге уақытша біріккен жол полициясы мен мемлекеттік орман күзетінің қосындарын қою | Солтүстік Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Өрт қаупі жоғары болатын кезең |
7 | Өрт қаупі жоғары болатын кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Өрт қаупі жоғары болатын кезең |
8 | Шаруа қожалықтарымен және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарымен ауыл шаруашылық егістіктерінде, жайылымдарда және пішендерде аңыз, шабындық және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуді, орман қорына іргелес аумақтарда шөптесін өсімдіктерді күйдіруді жүргізуін бақылауды қамтамасыз ету | Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері, "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Тұрақты |
9 | "Қоршаған ортаға ормандағы өрттердің әсер етуі" тақырыбына жалпы мектеп жиналысын және сынып сағаттарын өткізу | Солтүстік Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Кесте бойынша |
10 | Орман және дала өрті қамтыған аумақтардан тұрғындарды ықтимал эвакуациялауды жүргізу мәселелерін пысықтау | Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Кесте бойынша |
11 | Аудандық кеңестерде қажеттілігіне қарай облыс ормандарын өрттен сақтау мәселелерін қарастыру | Солтүстік Қазақстан облысының аудан және Петропавл қаласының әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Қажеттілігіне қарай |
12 | Орман пайдаланушылардың шарт міндеттемелерін, өрт қаупі кезеңіне арналған өртке қарсы іс-шаралардың жедел жоспарларын орындаулары және өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын бақылауды қамтамасыз ету | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Тұрақты |
13 | Масақтылардың пісуіне дейін егін даласының орман және шымтезек алқаптарына, далалық алқапқа, автомобиль және темір жолдарына шектесетін жерлерінде қажетті енді алқабының шөбі шабылып, жері жыртылуын қамтамасыз ету | Солтүстік Қазақстан облысының аудан әкімдері, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Ағымдағы жылдың тамыз- қазан айлары |
14 | Автомобиль жолдарының бойындағы өртке қарсы минералдандырылған алқаптар мен желден қорғайтын орман алқаптарын тиісті өртке қарсы жай-күйде ұстау | "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Тұрақты |
15 | Орман қорына іргелес және мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан объектілерге техникалық-өрт сөндіру тексерісін жүргізу | "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) | Ағымдағы жылдың мамыр айы |
16 | Ормандарда орналасқан елді мекендерді өрттерден қорғауды қамтамасыз ету үшін орман өрттері болған жағдайда оттың ғимараттар мен құрылыстарға таралу мүмкіндігін болғызбайтын іс-шаралар әзірленсін және орындалсын | Солтүстік Қазақстан облысы аудандары әкімдері, "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік орман иеленушілер | Өрт қаупі жоғары болатын кезең ағымында |