Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қыркүйекте N 1824 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандагы N 6 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.12.2013 N 6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына бір рет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тістерін протездеуге (бағалы металдар мен металлокерамика, металлоакрилден жасалған протездерден басқа);
      2) жылына бір рет Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға санаторий-курорттық емделуге;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен ай сайынғы ұсынылатын мәлімет негізінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша, шаштараз қызметтерінің төлеміне айына 230 теңге мөлшерінде;
      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тізімдері негізінде туберкулезбен ауыратын тұлғаларға амбулаторлық емделу кезіне қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге, қалалық қоғамдық көлікте айына қырық сегіз рет жол жүру құнынан аспайтын мөлшерде;
      5)аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, жан басына шаққандағы отбасы табысы он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын, Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім алуға гранттар мен кредиттерге иегер болмаған, күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге;
      6)төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) жан басына шаққандағы отбасының (азаматтың) табысына қарамастан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек;
      7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
      8) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған толық емес көп балалы отбасыларға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 14.12.2012 N 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      2. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру 451-007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      3. Әлеуметтік төлемдер екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы бөлінген бюджеттік қаражат шегінде ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек алушылардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізілсін.
      4. Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі анықталсын, қосымшаға сәйкес.
      5. «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешімінің (2010 жылғы 7 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-174, 2010 жылғы 9 сәуірдегі «Қызылжар нұры» газетінің № 17, 2010 жылғы 9 сәуірдегі «Проспект СК» газетінің № 16 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Казанцев

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                    Л. Жолмұқанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Облыстық туберкулезге
      қарсы диспансер»
      коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  П. Соболевский

      «Зейнетақы төлеу
      жөніндегі мемлекеттік
      орталық» Республикалық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорны Солтүстік
      Қазақстан облыстық
      филиалының директоры                       Қ. Әмрин

Петропал қалалық маслихаты
2012 ж. 3 тамыздағы № 4
шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақшаларда көрсетілген әлеуметтік көмек түрлерінің өтініш берушілері үшін:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландырушы құжат көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) тұрғылықты жерін растаушы құжат көшірмесі;
      5) банктік шот нөмірін растаушы құжат көшірмесі.
      2. Мынадай әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау үшін беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға тіс протездеуге:
      мәртебесін куәландырушы құжат көшірмесі;
      тіс протездеу құны туралы ұйымнан шот-фактура;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға санаторлық-курорттық емделуге:
      мәртебесін куәландырушы құжат көшірмесі;
      санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы медициналық мекеме қорытындысы;
      3) аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттерге:
      өтініш беруші отбасы мүшелерінің тапқан табысын куәландырушы құжаттар;
      жоғары оқу мекемесімен жасалған шарт көшірмесі;
      жоғары оқу мекемесімен берілген, аталған ЖОО оқу фактісін куәландырушы анықтама;
      4) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасылар (азаматтар) үшін:
      уәкілетті органмен берілген, төтенше жағдай фактісін растаушы анықтама;
      5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған 18 жасқа толған жетім балалар үшін:
      жетімдік мәртебесін куәландырушы құжат көшірмесі;
      «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен өтініш берушінің шын мәнінде тұрғын үй алуға кезекте тұрғаны туралы анықтама.
      6) төрт және одан кейінгі бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар толық емес көп балалы отбасылар үшін:
      ата-анасының біреуінің жоғын растаушы құжат көшірмесі (балаларға № 4 нысандағы анықтама, немесе ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, ажырасқаны туралы куәлік және т.б.);
      балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
      «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен өтініш берушінің шын мәнінде тұрғын үй алуға кезекте тұрғаны туралы анықтама.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска

Решение маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 3 августа 2012 года N 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 6 сентября 2012 года N 1824. Утратило силу решением маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 27 декабря 2013 года N 6

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 27.12.2013 N 6

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьи 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», Петропавловский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска:
      1) на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, не более одного раза в год в размере стоимости зубопротезирования (кроме драгоценных металлов и протезов из металлокерамики, металлоакрилла);
      2) на санаторно-курортное лечение участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в санаториях и профилакториях Республики Казахстан не более одного раза в год;
      3) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на оплату услуг бань и парикмахерских в размере 230 тенге в месяц на основании ежемесячно предоставляемых сведений Северо-Казахстанским областным филиалом Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
      4) на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси) лицам, больным туберкулезом, на период амбулаторного лечения на основании списков Коммунального государственного казенного предприятия «Областной противотуберкулезный диспансер» акимата Северо-Казахстанской области Министерства здравоохранения Республики Казахстан в размере, не превышающим стоимости сорока восьми поездок в месяц в городском общественном транспорте;
      5) на оплату обучения студентам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает десятикратного месячного расчетного показателя, постоянно проживающим на территории города Петропавловска, обучающимся в высших учебных заведениях Северо-Казахстанской области по очной форме обучения, не ставшими обладателями государственных общеобразовательных грантов и кредитов;
      6) единовременную помощь семьям (гражданам) пострадавшим вследствие чрезвычайных ситуации независимо от среднедушевого дохода семьи (гражданина) в размере семидесяти месячных расчетных показателей;
      7) ежеквартальная социальная помощь детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, состоящим в очереди на получение жилья из государственного жилого фонда, в размере 12 месячных расчетных показателей;
      8) ежеквартальная социальная помощь неполным многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, состоящим в очереди на получение жилья из государственного жилого фонда, в размере 12 месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пукнт 1 с изменением, внесенным решением маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 14.12.2012 N 11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
      2. Финансирование расходов на оказание социальной помощи производить по бюджетной программе 451-007-000 «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов»
      3. Социальные выплаты осуществлять в пределах выделенных бюджетных средств путем перечисления денежных средств на лицевой счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или Акционерного общества «Казпочта».
      4. Определить перечень документов, необходимых для назначения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, согласно приложению.
      5. Признать утратившим силу решение маслихата города Петропавловска от 12 марта 2010 года № 2 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Петропавловска» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13-1-174 от 7 апреля 2010 года, опубликовано 9 апреля 2010 года в газетах «Қызылжар нұры» № 17, 9 апреля 2010 года «Проспект СК» № 16).
      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель
      сессии городского маслихата           А. Казанцев
      Секретарь     
      городского маслихата                  Л. Жолмуканова

      СОГЛАСОВАНО:

      Главный врач Коммунального
      государственного казенного
      предприятия «Областной
      противотуберкулезный диспансер»
      акимата Северо-Казахстанской области
      Министерства здравоохранения
      Республики Казахстан                       П. Соболевский
      03.08.2012 года

      Директор Северо-Казахстанского
      областного филиала Республиканского
      государственного казенного
      предприятия «Государственный центр
      по выплате пенсии» Министерства труда
      и социальной защиты населения
      Республики Казахстан                       К. Амрин
      03.08.2012 года

Приложение
к решению Петропавловского
городского маслихата
от 3 августа 2012 года № 4

Перечень
необходимых документов для назначения социальной помощи

      1. Для заявителей видов социальной помощи, указанных в подпунктах 1), 2), 5), 6), 7), 8):
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан;
      4) документ, подтверждающий место жительства;
      5) копия документа, подтверждающего номер банковского счета;
      6) копия социального индивидуального кода.
      2. Для назначения следующих видов социальной помощи дополнительно прилагаются:
      1) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на зубопротезирование:
      копию документа, удостоверяющего статус;
      счет-фактуру от организации о стоимости зубопротезирования;
      2) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на санаторно-курортное лечение:
      копию документа, удостоверяющего статус;
      заключение медицинского учреждения о необходимости в санаторно-курортном лечении;
      3) для студентов из малообеспеченных семей:
      документы, подтверждающие получаемые доходы членов семьи заявителя;
      копию договора с высшим учебным заведением;
      справку, выданную высшим учебным заведением, подтверждающую факт обучения в данном ВУЗе;
      4) для семей (граждан), пострадавших вследствие чрезвычайной ситуации:
      справку, выданную ГУ «Управление по чрезвычайным ситуациям города Петропавловска Департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан», подтверждающую факт чрезвычайной ситуации;
      5) для детей-сирот, достигших 18-летнего возраста состоящих в очереди на получение жилья из государственного жилого фонда:
      копии документов подтверждающих статус детей-сирот;
      справку из государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Петропавловска» о том, что заявитель действительно состоит в очереди на получение жилья.
      6) для неполных многодетных семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей:
      копии документов, подтверждающих отсутствие одного из родителей (копия справки формы № 4 на детей, либо копия свидетельства о смерти одного из родителей, либо свидетельство о разводе и др.);
      копии свидетельства о рождении детей;
      справку из государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Петропавловска» о том, что заявитель действительно состоит в очереди на получение жилья.