Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде N 13-1-174 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы N 4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.08.03 N 4 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексі 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектері және соларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) болат пен пластмассадан тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына кемінде бір рет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тістерін протездеуге;
      2) жылына кемінде бір рет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде санаторлық-курорттық емделуге;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша, шаштараз қызметтерінің төлеміне айына 230 теңге мөлшерінде;
      4) «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тізімі негізінде туберкулезбен ауыратын тұлғаларға амбулаторлық емделу кезеңінде қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге, қалалық қоғамдық көлікте айына қырық сегіз рет жол жүру құнынан аспайтын мөлшерде;
      5) аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, жан басына шаққандағы отбасы табысы он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын, Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім алуға гранттар мен кредиттерге иегер болмаған, күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге;
      6) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010.04.07 N 9 Шешімімен
      7) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.04.12 N 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010.04.07 N 9; 2011.04.20 N 5; 2012.04.12 N 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен
      8) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) жан басына шаққандағы отбасының (азаматтың) табысына қарамастан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек.
      Ескерту. 1-тармақ 8) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011.04.20 N 5Шешімімен
      2. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      3. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы көзделген бюджеттік қаражат шегінде ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек алушылардың ашылған жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізілсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қалалық мәслихат                           Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      А. Мишин                                   Р. Сыздықов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер»
      Коммуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  П. Соболевский

      «Зейнетақы төлеу жөніндегі
      мемлекеттік орталық» Республикалық
      мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан
      облыстық филиалының директоры              Қ. Әмірин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады