Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 3-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 мамырда N 13-2-155 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 12.04.2018 № 19-11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Аққайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бір айда салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. "Тіркелген салық бойынша мөлшерлемесі туралы" (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2010 жылғы 23 тамызда № 13-2-121 тіркелді, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 21 "Аққайың", 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 35 "Колос" газеттерінде жарияланды) аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 шілдедегі № 22-8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған
      IIІ сессияның төрайымы З. Нағметова
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы Қ. Құрманбаев

      Келісілді: 2012 жылғы 12 сәуір

      Қазақстан Республикасы

      қаржы Министрлігінің

      салық комитеті

      Солтүстік Қазақстан облысы

      бойынша Салық Департаменті

      Аққайың ауданы бойынша

      салық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      М. Тоқышев

  Аққайың аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3-2 шешіміне қосымша

Тіркелген салық бойынша бірыңғай мөлшерлемелер


р/
с

Салық салу объектісінің
атауы

Салық салу объектісінің
бірлігіне мөлшерлемелердің
1 айға мөлшері (айлық
есептік көрсеткіштерде)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бір ойыншыдан артық қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

9


Об установлении единых ставок фиксированного налога

Решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12 апреля 2012 года N 3-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 мая 2012 года N 13-2-155. Утратило силу решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12 апреля 2018 года № 19-11

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 12.04.2018 № 19-11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 422 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года № 99-ІV "О налогах и других обязательных платежах в бюджет", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить единые ставки фиксированного налога на единицу объекта налогообложения в месяц для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Аккайынского района, согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение районного маслихата "О ставках по фиксированному налогу" от 26 июля 2010 года № 22-8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13-2-121 от 23 августа 2010 года, опубликовано в газетах "Аккайын" № 21 от 2 сентября 2010 года, "Колос" № 35 от 2 сентября 2010 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      ІII сессии V созыва З. Нагметова
      Секретарь
      районного маслихата К.Курманбаев

      Согласовано: 12 апреля 2012 года

      Начальник

      государственного учреждения

      "Налоговое управление по

      Аккайынскому району

      Налогового Департамента по

      Северо-Казахстанской области

      Налогового комитета

      Министерства финансов

      Республики Казахстан"

      М. Токушев

  Приложение
  к решению Аккайынского районного маслихата от 12 апреля 2012 года № 3-2

Единые ставки фиксированного налога


п/п

Наименование объекта
налогообложения

Размеры ставок на единицу
объекта налогообложения в
месяц (в месячных
расчетных показателях)

1

Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком

1

2

Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока

1

3

Персональный компьютер, используемый для проведения игры

1

4

Игровая дорожка

5

5

Карт

2

6

Бильярдный стол

9