Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 12.04.2018 № 19-11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Аққайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бір айда салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. "Тіркелген салық бойынша мөлшерлемесі туралы" (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2010 жылғы 23 тамызда № 13-2-121 тіркелді, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 21 "Аққайың", 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 35 "Колос" газеттерінде жарияланды) аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 шілдедегі № 22-8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған | |
IIІ сессияның төрайымы | З. Нағметова |
Аудандық мәслихаттың | |
Хатшысы | Қ. Құрманбаев |
Келісілді: 2012 жылғы 12 сәуір
Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің
салық комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Салық Департаменті
Аққайың ауданы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Тоқышев
Аққайың аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3-2 шешіміне қосымша |
Тіркелген салық бойынша бірыңғай мөлшерлемелер
№ |
Салық салу объектісінің |
Салық салу объектісінің |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бір ойыншыдан артық қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 9 |