"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы 18-бабы 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2012 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақтардың күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған V сессияның төрағасы | |
және аудандық мәслихатының хатшысы | Қ. Құрманбаев |